- Басты
- Жаңалықтар
- ЖІӨ-ге қандай да бір өзгеріс енгізуді болжап отырған жоқпыз – Т.Сүлейменов
ЖІӨ-ге қандай да бір өзгеріс енгізуді болжап отырған жоқпыз – Т.Сүлейменов
Ұлттық экономика министрі мақсатты жүзеге асыру үшін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қабылдау арқылы жаңа экономикалық даму үлгісіне өту үдерісі басталды.
«Оның негізі өңірлері мықты дамыған, жаңа, технологиялық, экспортқа бағдарланған экономика қалыптастырудан тұрады.Жаңа экономикалық үлгіге көшудің негізі 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясаттың үйлесімі болып табылады. Жеті жүйелі өзгеріс (реформалар) адамның, технологияның, бизнестің дамуы, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, өңірлердің, қоғамның және мемлекеттік саланың дамуы тәрізді ел өмірінің барлық маңызды салаларын қамтиды», - деді Т.Сүлейменов.
Бұл үдерістің аясында экономиканың жаңа мамандарға сұранысына орай, кәсіби кадрларды дайындаудың барлық жүйесіне қайта бағдарлану; елімізде жаңа инновациялық индустрия құру; жеке секторды жандандыру; сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату; республика өңірлеріндегі теңгерімсіздікті жою; қоғамдық сананы жаңғырту және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыру міндеті тұр.
«Жеті басым бағыт жоғары өмір сүру сапасын, макроэкономиканы қамтамасыз ету, экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қаржылық сала мен жасыл экономиканы дамыту, инвестиция тарту, сондай-ақ проактивтік сыртқы экономикалық саясатты қамтиды», - деді Т.Сүлейменов.
Сондай-ақ, Т.Сүлейменов теңге бағамына қатысты өз пікірін білдіріп өтті.
«Біздің, Ұлттық банктің макроэкномикалық моделін алып қарасақ баға мұндай болмауы керек еді. Бұл – психологиялық, саяси санкцияларға байланысты болып отырған мәселе. Біздің модель бойынша теңге бағамы мұндай болмауы тиіс еді. Иә, теңге бағамына деген ықпал бар. Корреляция 100% болмаса да, әжептәуір жоғары. Біздің көзқарасымыз бойынша, жыл соңына дейін инфляция біз қалаған дәлізден шамалы жоғары болады. Бізде дәліз – 5-7 пайыз», - деді министр.
Министрдің айтуынша, салалардың өсімі бойынша теңгенің қазіргі бағамы 3,8 пайыздық өсімді белгілеген 2018 жылғы біздің мақсатқа қауіп төндірмейді.
«ЖІӨ-ге қандай да бір өзгеріс енгізуді болжап отырған жоқпыз. Санкциялардың бізге ықпалы қаншалықты екенін білу үшін макроэкономикалық талдау жұмыстарын жүргіздік. Инвестициялық, сауда және бағамдық ықпал секілді бірнеше әсер ету арналарын қарастырдық. Ең бастысы – түпкі ықпал бағамдық, яғни доллардың рубльге, кейін рубльдің теңгеге ықпалы», - деді Т.Сүлейменов.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрі Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тікелей қатысы жоқтығын айтты. Тек, үлкен экономикалық байланысы бар болған әсер етпей тұрмайтынын жеткізді.
«Ресейге қарсы санкциялардың жеке экономикамызға қатысы жоғын үнемі айтамыз. Курс туралы айтатын болсақ, кейбіреулер теңге бағамынан ұтып, кейбіреулер ұтылып жатыр. Сол себепті жалпы әсері бейтарап. Санкция қатаң сценарий бойынша болса, Ресей мемлекеттік банкіндегі активтер бұғатталады, ал мемлекеттік қарызға қатысты РФ алда санкциялар қабылдайды, сол кезде ғана Қазақстан салдарын бағам арқылы сезетін болады. Ал қазіргі әсері – бейтарап», - деді министр.
Министр айтқандай, алға қойылған мақсаттарды іске асыру арқылы Қазақстан экономикалық дамуды жылына орта есеппен 4,5-5%-дық қарқынмен қамтамасыз етпек.
Бұл Қазақстанның дамыған елдердің 30-дығына ену ұстанымына сай келеді.
Аягөз Құрмаш
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды