- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаттың жаңа сессиясының жұмысы айқындалды
Сенаттың жаңа сессиясының жұмысы айқындалды
Сессия барысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартып, тұрғын үй қатынастарын реттеуге, отандық туризмді жақсартуға, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобалары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.
«Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін реформалауға айрықша көңіл бөліп, бұл салада орын алып отырған кемшіліктерді атап өтті. Біз осы саланы реттейтін заңдарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізетін боламыз», - деді Қ.Тоқаев.
Депутаттар сонымен қатар қылмыстық заңнаманы экономикалық қызмет саласында одан әрі ізгілендіруді көздейтін заңнамалық түзетулердің топтамасын да қарастыратын болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында тарихи және киелі нысандарды тиімді дамытуға және қорғауға бағытталған заң жобалары да күн тәртібіне қойылады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Сенат Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтерінің арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Хаттамаға 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының ХІV форумының барысында қол қойылған болатын.
Қазіргі кезде қолданыстағы келісім аясында қазақстандық азаматтарға, Байқоңыр қаласының 48 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмекті Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес ресейлік медициналық ұйымдар ғана көрсетеді.
Қазақстанда көрсетілетін медициналық көмектен айтарлықтай өзгешеліктер болуына байланысты біздің азаматтарымыз Қазақстанның заңнамасына сәйкес кепілдік берілген медициналық көмек көлемін, тегін дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алу, профилактикалық медициналық (скринингтік) тексерулерден өту құқығымен қамтамасыз етілмеген. Байқоңыр қаласының тұрғындары Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізе алмауда, бұл мүгедектікке және өмір сапасын төмендетуге алып келетін келеңсіз жағдайлар қаупін ұлғайтып отыр.
Заң жобасын қабылдау Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын азаматтарына Қазақстанның ұлттық заңнамасына сәйкес еліміздің денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі мәселесін реттеуге мүмкіндік береді.
Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Хаттамада ақпарат алмасуды ұлғайту арқылы салықтан жалтаруға жол бермеуге бағытталған ережелерді өзгерту, салық жинауға жинауға көмектесу; бейрезиденттің тұрақты мекеме құру өлшемшарттарын айқындайтын баптарының ережелерін нақтылау; бірқатар терминдерді өзгерту және Келісімнің күші әсер ететін қазақстандық салықтардың атауларын нақтылау; дивидендтерге, проценттерге, роялтиге, мүлік құнының өсуіне, тәуелсіз жеке қызметтерге және басқа табыстарға салық салу тәртібін реттейтін баптарды өзгерту көзделген.
Хаттама салық қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді, табыстарға қосарланған салық салуға жол бермейді және сол арқылы екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Отырыста сондай-ақ Электрондық жүйенің пайдаланылуын және оған қызмет көрсететіндердің жұмысын бақылау жөніндегі комиссияны құру мәселесі қаралды. Комиссия құрамына сенаторлар Георгий Ким, Төлеубек Мұқашев, Владимир Волков енді.
Отырыс барысында сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді.
Аягөз Құрмаш
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр