- Басты
- Жаңалықтар
- Біздің алдымызға өңірлерді дамыту тапсырмасы қойылды – Қ. Айтмұхамбетов
Біздің алдымызға өңірлерді дамыту тапсырмасы қойылды – Қ. Айтмұхамбетов
« Елорданың агломерациялық алаңын дамыту қала жанындағы аймақтарды дамытуға өз үлесін қосады. Елдің бас қаласы сияқты олар да ауқымды орталықтарға айналады. Президент аграрлық ғылымның дамуы туралы айтқан болатын, оның ішінде гендік-модификациялық мәдениеттің дамуы да алға тартылды. Бұл дегеніміз Қазақстан аймақаралық ауқымды экспортаушылардың біріне айналуы мүмкін», - деді аймақ басшысы.
Қ. Айтмұхамбетовтың айтуынша, Ақмола облысы агроөндірістік өңір ретінде кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл шаруашылығын дамыту саласында жетекші орынға ие. Өңір жалпы республикалық ауқымның төрт бөлігін өндіріп отыр.
«Бүгін біз ауыл шаруашылығының қайта жандануын арттыру үшін бірқатар жұмыстар жүргізіп отырмыз. Жеке белгіленген жетістіктер бар. Негізгі тапсырмалардың бірі Астана қаласының маңында өндіріс белдеуін құру. Ол нарықты үлкейтіп, елордалықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді», - деді Қ. Айтмұхамбетов.
Айта кетерлігі, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысының барлық аудандары тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Президент шағын және орта кәсіпкерлік жаңа инновациялық кәсіпкерліктер аясында дамитынын айтқан еді. Оның айтуынша, елімізде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін құқықтық нормаларды алып тастау керек. Индустрияландырудың екінші бесжылдығының жоспары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілетін болады.
«Осы бағытта көптеген жұмыстар бар. Бүгінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында қолайлы жағдай жасалып, облыс халқы өз кәсіптерін дөңгелетіп жатыр, жаңадан өндірістер ашылды. Біздің облыста туристік саланы дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар. Демалыс орындары жайлы георграфиялық ортаға ие. Онымен қоса, аталмыш орындар халық тығыз орналасқан индустриялды аймақтардан алыс емес. Осынау табиғи-климаттық ерекшеліктерге ие бола отырып ТМД елдері ішінде сұранысқа ие демалыс орнын құруға болады», - дейді Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхамбетов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда