Экономика

Жыл басынан бері аяқ киім, темір жол және әуе тасымалы қымбаттаған

Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі жаңа 5-7% аралығында сақталып отыр. Ағымдағы жылғы тамызда инфляция 0,2% құраса, жылдың басынан 2,9% құрады. Жылдық инфляция 6,0% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Астана қаласы04 Қыркүйек , 14:52

Т.Сүлейменовтың айтуынша,  ағымдағы жылдың басынан бері 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инфляцияның барлық құрамдауыштары бойынша баға өсуінің бәсеңдегені байқалып отыр.

«Азық-түлік тауарларына баға өсуі 2,3% құрады. Азық-түлік емес тауарларына – 3,6%. Ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 3,0%. Соңғы үш айда азық-түлік тауарларына бағаның төмендегені байқалып отыр. Бұл инфляция құрамдауыштарының ішінде ең төмен мәнге әкелді. Сонымен бірге, картопқа 13,4%, жұмыртқаға – 12,9%, жармаларға – 8,1%, пиязға – 3,6% және шайға – 0,8% бағаның төмендеді. Азық-түлік емес тауарларына бағаның ең көп өскені тіркелді», - деді Т.Сүлейменов.

Министрдің айтуынша,  бұл ретте, дизель отынына, аяқ киімге ,сұйытылған газға, медикаменттерге және тұрмыстық бұйымдарға бағаның өскені байқалып отыр.

«Баға ақылы қызметтерге орташа қарқынмен өсті. Ақылы қызметтердің ішінде бағаның ең көп өскені әуе және темір жол көлігі қызметтеріне, құқықтық қызметтерге тіркелді», - деді ол.

Сондай-ақ, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге және қонақ үй қызметтеріне баға төмендеді.

«Жыл басынан бері өңірлік бөліністе жоғары инфляция деңгейін, орташа республикалық деңгейден шамамен 1 пайыздық тармаққа асып, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде байқалады. Орташа республикалық деңгейден аз ғана Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Астана және Павлодар асты. Теңгенің әлсәреуі баға мен тарифтерге қысым көрсететінін атап өткен жөн. Баға мен ұлттық валютаның арасындағы жоғары корреляцияны ескере отырып, ағымдағы теңге бағамында инфляция деңгейі 1 пайыздық тармаққа ұлғаюы мүмкін», - деді ол.

Министр атағандай,  теңгенің біршама әлсіреуін және инфляцияның маусымдылығын ескере отырып 2018 жылдың қорытындылары бойынша инфляция деңгейі бағалау бойынша жаңа аралықтың жоғарғы деңгейіне жақын болады 6,6% - 6,8%.

«Төртінші тоқсанда инфляциялық процесстердің күшейетінін назарға ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақтандырушы қорларын уақытылы толықтыруы, бағаға мониторинг жасай отырып көмір мен дизель отынының үзіліссіз жеткізілімдері бойынша жұмысты күшейтуі қажет», - деді Т.Сүлейменов.

Өз кезегінде, Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев Ұлттық банктің болжамдары бойынша инфляция деңгейі 2018 жылға жоспарланған дәлізде сақталатынын, алайда 2019–2020 жылдары белгіленген дәлізден асуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Біріншіден, бұл Ресей Федерациясына қарсы санкциялар режимімен байланысты, екіншіден, бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп, үшіншіден – әлеуметтік шығындар мен несиелердің өсімі себеп», — деді  Д. Ақышев.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәселені қарау қорытындысы бойынша тауарлар мен қызмет түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Аталған мәселе ай сайын қаралып отырады.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика