Цифрлы Қазақстан 2022

2021 жылға дейін цифрлық хабар таратуды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз – Д.Абаев

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жоспарының 1-ші кезеңі бойынша 2018 жылдың соңынай дейін бірқатар облыстар цифрлық хабар таратуға көшеді. Бұл жүйені елде толықтай енгізу 2021 жылға жоспарланып отыр. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрлық хабар тарату саласындағы атқарылған жұмыстар мен оның әлеуметтік маңызына тоқталды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы04 Қыркүйек , 12:16

Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына  60 жылдан астам уақыт өтті. Дәл осындай тарихи кезеңде министрлік   отандық цифрлық, эфирлік теле-радиохабарды  таратуды кешенді түрде  қолға алды. Дәурен Абаевтың апйтуынша,  қазір осы бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Цифрлық хабар тарату қалың көрерменге, әсіресе, аудан, қала орталықтарынан шалғайда орналасқан ауылдағы ағайынға қандай пайда әкеледі. Біріншіден, бұл эфирдің  және дыбыстың жоғары сапасын, екіншіден, телеарналар пакетінің ұлғаюын қамтамасыз етеді», - деді министр.

Министр атап өткендей,  мемлекет осы жұмысты қолға алған уақытта бүкіл елдің аумағын цифрлық деңгейге көшіру жоспарына  күмәнмен қарағандар болған. Оның себебі, елдің ауқымына қатысты екен.

« Қазақстанның жер көлемі өте ауқымды, халық та тығыз орналаспаған. Шекарадағы ауылдар мен алыс елді мекендерде тұратын халықтың  100 пайызын цифрлық  хабар таратуға ауыстыру, алынбайтын қамал сияқты көрінгеі рас. Елбасының тікелей тапсырмасы мен саяси-ерік жігер нәтижесінде  қаржылық мәселелерді шешіліп, теле-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға  даңғыл жол ашылды. Мысалы,  көрші Қырғызстан бұл форматқа толық ауысты,оларға 100-ден аса  теле-радио станция жеткілікті болды.  Бізге  827 станция қажет. Біз бұл жұмысты аз уақытта аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев.

Министр айтып өткендей,  цифрлық хабар тарату техникалық мәселені шешумен  ғана шектелмейді, бұл ең алдымен  үлкен идеологиялық шешім  болып табылады.

«Осы ауқымды жұмысты бастаған кезде шекаралас аумақта орналасқан ауылдарда  отандық  1- 2 телеарна ғана көрсететін. Осы жүйені  толық іске қоссақ,  қазақстандықтар  облыс орталықтарында  30-ға жуық,   ауыл мен аудан орталықтарында  15-ке жуық телеарнаны жоғары сапада тамашалай алатын едік. Осылайша, халық өзіне қажетті ақпарат пен бағдарламаларға қол жеткізеді», - деді АКМ басшысы.

Сондай-ақ, министр  цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігін үшін жасалатынына сенімді. 

«Цифрлық сапаға көшу  радио жиіліктерін босатады, оларды байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ол үшін байланыс операторларымен жан-жақты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы біздің министрлік теле-радио заңын таратуға өзгерістер енгізді. Осылайша, олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңмен жол ашылды», - деді ол.

Министр атап өткендей, 2018 жылдың аяғында  3 аймақ цифрлық хабар таратуға көшеді.

«Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары,  Шымкент қаласында  2018 жылдың аяғына дейін, 2019 жылы Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында, 2020 жылы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облысы,  2021 жылы Батыс Қазақстан, Ақмола мен Ақтөбе облыстары,  Астана, Алматы қалалары кезеңдеп жаңа форматқа ауысады. Инфрақұрылым ерте дайын болса, соғұрлым тез көшетін боламыз», - деді ол.

Министр айтқан статистикаға сүйенсек,  еліміз  бойынша радио-телевизиялық  жалпы станциясы  827-ні құрайды, бүгінгі күні  356-сы дайын, жыл соңына дейін  тағы  200-ге жуық салынады. Қалған станциялар құрылысы 2019-2020 жылдары аяқталады екен.

«Бұрын ешкім сенбеген цифрлық хабар таратуға қол жеткізу бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. 2021  жылға дейін  цифрлық хабар таратуды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев.

Өз кезегінде, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысында  жерсеріктік және   эфирлік  желілер бойынша қосылған абоненттер   саны  362 180-ді құрап отырғанын айтты.

«Қалалар мен аудандар бөлінісіндегі цифрлық жерсеріктік  тележелісіне  қосылған  абоненттер саны  76677. Аналогтық эфирлік телехабар таратудың өсуіне байланысты, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Түркістан облысы арасында келісілген жоспар бойынша 2018 жылдың соңына дейін Түркістан облысы цифрлық хабар таратуға көшеді», - деді  Ж.Қансейітұлы.

Ал, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов,  қазіргі кезде облыста 2294 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар екенін жеткізді.

« Аталған отбасыларын қамтамасыз ету үшін, әкімдіктер жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлу шешілді.Қаржы мәселесі туындап отырған  жоқ», - деді ол.

Өз кезегінде,  Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев цифрлық хабар таратуға көшу маңызды әлеуметтік жоба екенін айтты. Барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс пен тұрақты бақылау қажет екендігін айтып, Ақпарат және коммуникация министрлігі мен өңірлерді бірігіп цифрлық хабар таратуға уақытылы көшуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика