Адами капитал

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі қандай

Бүгінгі таңда республикада бала құқықтарын қорғау саласында қажетті заңнамалық база құрылған. Ұлттық заңнаманың негізінде бала құқықтары туралы конвенциясының нормалары балаларға қатысты басқа да құқықтық құжаттарға енген. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева кіметте өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан03 Қыркүйек , 17:22

С.Айтпаева атап өткендей,  адам құқықтарына қатысты  60-тан астам халықаралық құжат ратификацияланған, оның  15-і бала құқығына бағытталған.

«Бала  құқықтары жөніндегі  комитеттің  ұсыныстарына сәйкес, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін  2016 жылдың  10 ақпанында Елбасы жарлығымен бала құқықтары туралы уәкілетті институт құрылды. Институт құрылғаннан бастап республикада қысқа  мерзімде балалар құқықтарын қорғау  бойынша белгілі бір жүйе құрылды. Оның басты мақсаты балалардың құқығын қорғау бойынша жергілікті және мемлекеттік органдарға әсер ету», - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып өткендей, елде  84 мың ерекше бала бар. Оның әрбіреуіне жеке әлеуметтік көмек қарастырылған.

«Мемлекеттік деңгей мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған  ата-аналарға жәрдемақы төлеуді қарастырады. Ол 16-жасқа дейін  төленеді. Балаға қажетті техникалық қажеттіліктер де мемлекет тарапынан тегін төленеді», - деді С.Жақыпова.

Ал,   ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболовтың айтуынша,    жасөспірімдердің қылмысы биыл  15 пайызға артқан.

«Оның ішінде  54 пайызы кәмелетке толмаған жыныстық қылмыстар болып отыр. Олар  бойынша тергеу органдары сараптама жүргізеді. Әр факті бойынша, себептері әртүрлі болып отыр. Қазір бізге түскен анық мәлімет бойынша зорлықтың  95 пайызы пәтер мен үйлерде болған», - деді М.Байболов.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясында  ерекше бала  ата-анасының   әлеуметтік желіде 29 тамызда ескерткіштің ашылуына арналған концертке  балаларын қатыстырмай қойған жазбасына қатысты журналистер тарапынан сұрақ қойылды.

Оған  Сәуле Айтпаева былай деп жауап берді: «ол күні күн суық болды. Бүлдіршіндер жеңіл киінгендіктен оларды ғимаратқа кіргізді. Ауа-райы дұрысталған соң, олар концертке қатыстырылыпты. Бұл маған жеткен ақпарат, егер де ата-аналар бұған қарсылық білдірсе, арызданса болады. Сол кезде бұл мәселе тексеріледі».

Өз кезегінде,  Светлана Жақыпова осы оқиғаға қатысты ешбір өтініш не болмаса арыз келіп түспегенін жеткізді.  

«Біздің министрлікке өтініш келіп түскен жоқ. Біз Ақтөбе және Астана әкімдіктерімен байланысып, жағдайды түсіндірдік. Олар әлеуметтік желіде кешірім сұрап, жазба  шығарды. Өтініш түспей, мемлекеттік орган ешқандай тексеріс  жүргізе алмайды.  Құқықтық кодекс бойынша, мүмкіндігі шектелген балаларға қатысты  айырмашылық жоқ. Барлығына бірдей», - деді Светлана Жақыпова.

ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков   кәмелетке толғандар арасындағы қылмыстың көбеюіне алдымен, ата-аналар  бақылауының аздығы  мен интернеттегі ақпараттың көптігі  себеп болатынын айтты.  

«Мектептерде  психолог, әлеуметтік-педагогтар  қызмет етеді. Олар осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Өткен жылдан бастап, бұл жұмысты белсенділетіп жатырмыз. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Екі айда  2,5 млн ата-анаға балаларды қорғау, оларды  қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша ақпарат беретін боламыз», - деді ол.

Айта кетейік,  бала құқықтары туралы конвенция -  адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандыктарын бекітетін халыкаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген..

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика