- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, бауырлас халыққа тыныштық пен тұрақтылық және бақ-береке тіледі.
«Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселелерді талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблемалар, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты», – деді Қазақстан Президенті.
Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Н.Назарбаев: Абай - ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті