- Басты
- Жаңалықтар
- ЖОО студенттері әскери кафедраларда біріншіден соңғы курсқа дейін оқитын болады
ЖОО студенттері әскери кафедраларда біріншіден соңғы курсқа дейін оқитын болады
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштерді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан үрдістерге кеңінен тоқтала келіп, соңғы жылдары әскери кафедраларда студенттер даярлау жүйесі айтарлықтай өзгеріске түспегенін, оқу бағдарламалары қазіргі заман талабына толықтай жауап бермейтінін атап өтті. «Осының бәрі Қазақстанның Қарулы Күштерін дамыту мақсатындағы әскери өнерге оқытылған резервті дайындау жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді», - деді С.Жасұзақов.
Әскери өнерге оқытылған резервті Қарулы Күштердің талаптарына сай келтіру үшін, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қазақстанның ЖОО-ларының әскери кафедраларында әскери кадрларды даярлау Тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
«Әскери кадрларды даярлау Тұжырымдамасында әскери кафедраларда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске түсетін болады. Енді студенттер бірінші курстан бастап, соңғы курсқа дейін әскери білім ала алады. Студенттер оқу мекемесінің бейінін, әскери бөлімше полигондарының орналасу орнын, өндірістік практиканы өткізу нысандарын есепке ала отырып қатардағы жауынгер курсынан бастап, рота командирі буынына дейінгі лауазымдарға кезең-кезеңмен өтеді деп жоспарлануда», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, әскери кафедралар тек запастағы офицерлерді даярлауға ғана емес, Қарулы Күштеріміздің материалдық-техникалық қамту мамандарына сұранысын қанағаттандыруға да бағытталатын болады. Бұл өз кезегінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында командалық лауазымдағы офицерлер даярлауға да толық мүмкіндік береді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді