• Басты
  • 29 тамыз - Ядролық қарудан бас тарту күні
29 Тамыз, 2018 11:51

29 тамыз - Ядролық қарудан бас тарту күні

Бүгін ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларусь, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан, Жапония және басқа елдер бар.
29 тамыз - Ядролық қарудан бас тарту  күні

Семей полигоны  алаңында   40 жыл бойы  500 ядролық сынақ өткізілді.  Дәл осы күні ол мәңгілікке жұмысын тоқтатқан болатын.  Осылайша, қазақстандықтар  барша әлемге  бейбіт даму жолын таныстырды. Бұл Қазақстанның  жаһандық қауіпсіздікке жасаған қадамы.

Қазақстан  ширек ғасыр  бойы жер шарындағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.  Біздің  ел әлем бойынша көлемі жағынан төртінші орын алатын алып ядролық арсеналдан бас тартты.

Өзге елдер Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде  жаңа идеялар  бастамашысы ретінде қабылдады.  Қазақстанның ұстанымы  Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінде орын алған болатын.

«Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл – әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды», - деді Елбасы Н.Назарбаев өз Манифестінде.

Қорытындысында, Қазақстан ядролық қарусыз қозғалыстың жетекшісіне айналды.

Елде 29 тамыз ядролық қарудан азат болу күні ретінде ерекше аталып өтеді.

Мәселен, Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы – АТОМ Жобасына  арналған пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті.

 «АТОМ Жобасы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздандыру және қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамасы болып табылады. Бастама Астана қ. 2012 ж. 29 тамыздағы БҰҰ Ядролық сынақтарға қатысты іс-қимылдардың Халықаралық күнінде «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – бейбітшілікке, ядролық қарудан еркіндікке» атты халықаралық конференциясында Елбасымен айтылған болатын», - деп, Р.Василенко атап өтті.

Сонымен қатар, Министрдің орынбасары еліміз шетелдік серіктестермен ынтымақтастықта, осы күнге арналған ірі халықаралық іс-шараларды жыл сайынғы негізде өткізетінін баяндады.

29 тамыздан бастап  1 қыркүйекке дейін Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі мен саяси және қоғамдық-сарапшылық топтардың көрнекті шетелдік өкілдерінің қатысуымен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шартты ұйымдастырудың (ЯСЖТШҰ) төрт күндік конференциясы өтеді. Ал 6 қыркүйек күні Нью-Йоркте осы тақырыпқа арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми отырысы өтеді.

Өз кезегінде, К. Күйіков АТОМ Жобасының мақсаты бар әлем бойынша ядролық қару сынақтарын түпкілікті тоқтатуға және, ақыр соңында, әлемді ядролық қарудан босатуға күресінде адамдарды біріктіру жолымен шынайы, тұрақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылатынын атап өтті.

«АТОМ Жобасының сайтында ядросыз әлемді құру туралы ел көшбасшыларына талабы бар петиция орналастырылды. Бүгінгі күні қол қоюшылардың саны әлемнің 100 елінен 312 мыңнан астам адамды құрайды. Біздің бүгінгі мақсатымыз 1 миллион қол жинау.  Егер сіздер бізге әлі де қосылмаған болсаңыз, онда сіздер оны кез-келген уақытта жасай аласыз. Әрбір ниет білдірген адам Жобаның www.theatomproject.org сайтындағы петицияға қол қоя алады және сол арқылы ядролық қарусыз әлемді құруға өз үлесін қоса алады», – деп әйгілі сүретші және белсенді атап өтті.

АТОМ Жобасының «Жер бетіндегі өмір үшін» сериясынан пошталық маркасы 4 бояудағы он маркадан құралған маркалық парақ формасында, офсеттік баспада орындалған. Перфорациясы ирек тәрізді, тиражы – 20 000 дана.

Айта кетейік, 1949 жылы Совет жобасының ядролық қаруды өңдеуі  аясында  келешекте сынақ полигонының орналасқан жері  ретінде Қазақстандағы Семей қаласы  маңында орналасқан аймақ  таңдалды. 1949 жылдан 1989 жылға дейін  456- дан астам ядролық қару сынақтары өткізілді. 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды