- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады
Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы перспективаларына арналған жоспарлары жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының барлығына қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.
«Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыру, технологиялық үдерістерді цифрландыру, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде», – деді Қазақстан Президенті.
Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуалы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы