• Басты
  • Конституцияның әлеуеті Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет етеді– Н.Назарбаев
28 Тамыз, 2018 13:54

Конституцияның әлеуеті Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет етеді– Н.Назарбаев

Негізгі Заңның мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясына Жаңа Түсініктеме бойынша тұсаукесері өтті. Аталмыш рәсім «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясы барысында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, конференция аясында «Үздік жас заңгер - 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтар мәселелері бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Конституцияның  әлеуеті Қазақстанның  30 дамыған елдің   қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет етеді– Н.Назарбаев | Strategy2050.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конференция қатысушыларына жолдаған сәлемдемесін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.

«Дәстүрге айналған Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысып отырған сіздерге сәлемдеме жолдаймын. Конференцияның күн тәртібі заманауи, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің негізін қалыптастыруды қамтамасыз еткен конституциялық принцип пен нормалардың ерекше маңызын атап өтеді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей,  1995 жылы Бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы қазақстандық мемлекеттіліктің дамуының адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуының берік іргетасын қалады.

«Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан халықаралық қоғамдастықта шыңдалған қазақстандық қоғам дамуының бірегей моделі – қоғамдық келісім мен тұрақтылық және экономикалық даму мен Қазақстан халқының ортақ тарихи туралы конституциялық ережелердің мүлтіксіз сақталуы аясында мүмкін болды. Бүгінгі таңда елімізде Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті өкілді органдардың өкілеттігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берген конституциялық реформа сәтті жүзеге асырылды», - деп атап өткен Президент.

Н.Назарбаев айтып өткендей,  халықтың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру,  халықтың қабылданған заңдарға жоғары құрмет дәрежесін қамтамасыз ету өзекті мәселе.

«Құқықтық үстемдік ету, Конституцияның жоғары тұруы, заңның билігі  - бұл бүгінгі таңда Қазақтанның сәтті дамуының  және оның заманауи жаһанда лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Конституция әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің барынша дамыған  30 елінің қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін», - деді Елбасы Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, конференция  жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдары және 20-дан астам халықаралық белгілі ғалымдары мен құқықтанушылары қатысты.

Өз кезегінде Конституциялық кеңестің Төрағасы Қайрат Мамидің айтуынша Қазақстан Конституциясы өзінің тиімділігінің жоғары екенін дәлелдеді.

«Осыдан 23 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция қабылдау туралы ұсыныс енгізген болатын. Ол қиын-қыстау, өтпелі кезеңде бүкіл қазақстандықтарды бірге тоғыстыруға, шоғырландыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде,  30 тамыз Бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.  7 млн-нан астам қазақстандық, яғни дауыс бергендердің 98 пайызы жаңа Конституцияны қолдады», - деді Қ.Мәми.

Қайрат Мәми сол кездегі Елбасының «тарихта қазақ халқы тұңғыш рет өз тағдырын таңдады, өзінің болашағын таңдады. Бұл болашаққа апаратын қастерлі құжат» деп мәлімдегенін еске түсірді.

«23 жыл өткен соң, Конституция өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Өйткені, қолданыстағы конституциятыныштықты, экономикалық өсуді және Қазақстанда құқық үстемідігінің қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан да, бүгінгі мереке халық үшін өте үлкен маңызға ие мереке», - деді Конституциялық кеңестің Төрағасы.

Форумға қатысушы Конституциялық сот әділдігі бойынша бүкіләлемдік конференцияның бас хатшысы Шнутц Рудольф Дюрр аталмыш конференция тәжірибе алмасу үшін таптырмас алаң екенін атап өтті.

 «Бас қаладағы  жыл сайынғы конституцияшылдардың конференциясы тәжірибе алмасу және жаңа идеялармен бөлісу үшін маңызды форумға айналды. Венециялық комиссия 2017 жылы Қазақстанда өткізілген Конституциялық реформаны қолдайды. Өткен жылы Конституциялық Кеңес жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдарының Конференциясында төрағалық етіп, өзіне маңызды міндетті жүктеді», - деді Шнутц Рудольф Дюрр.

Жаңа түсініктемені таныстарған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың айтуынша,  1995 жылы Конституция қабылданған кезде актіге түсініктеме жазу ұсынылған. Алайда, өзге тараптар  оған пікір жазуға күмәнмен қараған. Себебі, ол кезде Конституция насихаттау ретіндегі құжат сияқты қаралды.

«Біздің Конституцияда ол тікелей әрекет ете алады деген норма бар. Жылдар өте келе бұл барлығының санасына жетті. Себебі, Конституцияны тікелей қолдану, қатыстыру ауадай қажет. Тұңғыш рет биыл ҚР Президентінің қоры, Конституциялық кеңес пен Әділет министрлігі ғылыми-практикалық түсіндірме жасады. Пікір жазғандар қатарында қазақстандық ғалымдар бар. Бұл құжаттың бірегейлігі пікір жазуға шетелдік серіктестер де қатысты. Жаңа түсініктемеде Негізгі Заңның ережелеріне 2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижесі және еліміздің жаңартылған заңнамасы ескеріліп, толық түсініктеме беріледі», - деді И.Рогов.

Конституцияға түсініктеме жасағандардың бірі Болгария Конституциялық Соты Төрағасының Бориса Велчевтің  пікірі бойынша қолданыстағы Қазақстанның Конституциясы ежелгі әлемдік конституционализм стандарттарыына негізделген және қазіргі заманғы тұрақты мемлекеттің құқықтық іргетасын қалаған.

«Қазақстанның Ата заңы өткен уақыттың сын-тегеуріндерінің алдында төтеп берді және қазақстандық қоғамның өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәтті бейімделуде. 2017 жылы Конституцияға жасалған ревизия кез-келген демократиялық басқарудың міндетті және негізгі компоненттері болып табылатын тежеу және қарама қайшылық жүйесіндегі билікті бөлу  принциптері аясында сәтті жүзеге асырылды», - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде, Армения Конституциялық сотының Төрағасы Гагик Арутюнянның айтуынша, бұл лауазымға  келгеніне үш ай болса да Қазақстан Конституциясына енген соңғы өзгертулерге қатысуға мүмкіндігі болған.

«Жақында Армения парламенттік басқаруға көшті. Біздің елдер арасында ұқсастық өте көп. Себебі, кеңестік кезеңнен кейін елдердің алдында тұрған проблемасы бір. Бұл мәселелерді еуропалық елдерден емес, жақын жатқан елдердің тәжірибесімен шешу керек. Сондықтан да, тәжірибе алмасып, қандай шешім қабылдау керектігі бойынша кеңесу өте маңызды», - деді Гагик Арутюнян.

Сондай-ақ, шарада  «Үздік жас заңгер - 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтарды іске асыру мәселелері бойынша жеңімпаздарды марапатталды.  Байқаулар  жас қазақстандықтар арасындағы кәсіби заңгерлердің, олардың конституциялық-құқықтық ой қабілетін және мәдениет деңгейін арттыру мақсатында өткізілген болатын. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік жас заңгер - 2018» атаған Сәуле Мектепбаева жеңіп алды.

«Менің  салам заң шығаруға қатысты. Оның ішінде адам құқықтарына қатысты мәселелермен жұмыс істеймін. Жалпы, еңбек өтілім  18 жыл. Заң шығару жұмысына қатысқаным туралы  қажетті құжаттарды тапсыру арқылы аталмыш номинацияны жеңіп алдым. Қазір Еуропалық одақтың Қазақстандағы қылмыстық мәселелерді дамыту бойынша қызмет етемін», - деді Сәуле Мектепбаева.

Оның айтуынша, аталмыш байқауға қатысу арқылы ол  мемлекет пен қоғамның  қолдауына ие болды.

«Біздің жасап жатқан жұмысымыз еленбей қалмайтынына көзіміз жетті. Өзіме деген сенімділікті арттырып, осы жерден тоқтамауға жігер сыйлады», - деді С.Мектепбаева.

Айта кетейік, мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Қазақстан Конституциясы 1995 жылдың  30 тамызында қабылданды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды