• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстікқазақстандықтар Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгеніне риза – А. Мырзахметов

Оңтүстікқазақстандықтар Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгеніне риза – А. Мырзахметов

20 Қаңтар, 2014 09:00
Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі оңтүстікқазақстандықтар үшін қуанышты хабар болса, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым, инфрақұрылымдар мен логистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дәлелденіп отыр,деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Алмас Мырзахметов.

«Елбасы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз, Жолдаудың стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталып отыр. Жолдаудың басты ерекшелігі, Елбасының өзі айтқандай − 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр. Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі оңтүстікқазақстандықтар үшін қуанышты хабар болса, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелетінін де атап өтті.

 «Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап көрсетілді. Сол себептен Президент саннан сапаға өту мәселесін ерекше атап өтті.   Озық, нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды», - деді әкім.

Жергілікті биліктің құзіретін күшейту керектігі және соған сәйкес сұраныстың да болатындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі.

Жолдау – мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орындалуға тиіс саяси құжат. Облыс әкімдігі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал, облыс тұрғындары бұның алдында қабылданған Жолдауларға көрсеткен қолдауларын биыл да көрсетіп, бірліктің арқасында осы Жолдау аясында да тиісті жұмыстар атқарады деген сенімдемін.

 

Барлық жаңалықтар