- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланған
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланған
Гүлшара Әбдіқалықова биыл 25 жылдығын атап өтетін «Болашақ» бағдарламасы жоғары білікті мамандар дайындау ісіне маңызды үлес қосып келе жатқанын, осы уақыт ішінде 13 мыңға жуық стипендия бөлініп, 10 мыңнан астам білікті кадрлар даярланғанын және олардың ел экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеп жүргенін атап өтті.
«Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалау мақсатымен Назарбаев Университетінің бір топ ғалымдары бағдарламаға эконометриялық сараптама жүргізді. Осы зерттеу жұмысы салынған инвестицияның материалдық және материалдық емес игілігін қамтамасыз ету ісінде «Болашақ» стипендиясының тиімді екенін көрсетті. Ел экономикасының барлық секторлары үшін жоғары сыныпты мамандар дайындалды. Мәселен, бағдарламаның кардиохирургия саласының түлектері 32 мыңнан аса тегін ота жасады. Бір отаның орташа бағасы 300 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін жетеді.
Басқосуда Білім және ғылым министрлігі Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімдеді. Комиссия шешімімен магистратурада, докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 128 үміткерге стипендия тағайындалды.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар