- Басты
- Жаңалықтар
- А. Мұрадов: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында әр қазақстандықтың бейнесі көрініс тапқан
А. Мұрадов: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында әр қазақстандықтың бейнесі көрініс тапқан
«Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауы, дайындайтын бағдарламалардың авторы ретінде, Ұлт Көшбасшысы ретінде Н.Назарбаев біз үшін үлкен қайраткер. Қазақстанмен тағдырлары біте қайнасқан кез келген адам үшін бұл ел зайырлы, рухани және жайлы Отан. Аталмыш Жолдауда өмірдің барлық салалары бойынша нақты тапсырмалар беріліп, бағыттар айқындалды. Соның ішінде әлеуметтік даму, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, өнеркәсіп пен шағын және орта кәсіпкерлік те назардан тыс қалмады», - деді А.Мұрадов.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» Жалпыхалықтық қозғалысымен біріге отырып «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын дайындауды және қабылдауды тапсырған еді.
«Біз еліміздің игілігі үшін ұлы мақсаттарды көздейміз. Сол себепті мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық қазақстандықтарды басты мақсат 2050 Стратегиясына жетуге жұмыс істеуге шақырамын! Әсіресе жастардың құлағына алтын сырға. Сендер осы істің басы-қасында болып, сендер соның жемісін көресіңдер», - деді Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.
«Біз аталмыш құжаттың атын, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын естідік. Менің ойымша, біз аталмыш патриоттық акттің құрылымын құрғанда бұл барлық қазақстандықтардың, ұлты мен діни сенім алуандықтарына қарамастан барлығының жағдайын көрсетеді. Бұл барлық қазақстандықтардың алдында, елі мен отанының алдындағы серті болмақ. Мен аталмыш актті осылайша көргім келеді», - деді депутат.
Ахмет Мұрадовтың айтуынша, бүгінде біздің қоғамда біздің мемлекеттік тілге қатысты ешқандай да күрмеуі шешілмеген мәселе жоқ.
«Керісінше, бұл біздің елімізде мықты қарқынмен жүруде. Әр қазақстандық тіл білуді өздерінің борышы деп таниды», - деді депутат.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады