• Басты
  • Елорда жаңа оқу жылына дайындықты бастады
15 Тамыз, 2018 17:25

Елорда жаңа оқу жылына дайындықты бастады

Астана әкімі қала көшелерін аралап, білім ошақтарына кірме жолдарды, олардың айналасындағы қоршауларын тексерді. Ал Елорданың осы салаға жауапты мекемесінің басшысы оқу жылына дайындық және бала бақшаларға қабылдау барысын баяндады. Қала әкімі бірқатар нысандарға барып, жұмыстың қарқынын арттырып, жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауға тапсырмалар берді.

Елорда жаңа оқу жылына дайындықты бастады | Strategy2050.kz

Астана әкімі Әсет Исекешев бірқатар объектілерді аралап, балабақшалар мен мектептердің кіреберіс жолдарын қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп салуды тапсырды. Былтыр 33 білім беру нысаны қайта қалпына келтіріліп, жол белгілері ауыстырылған. Жүретін жолдардың шыға берісі қайта жөнделіп, 11 білім беру нысанының көлік тұрағы кеңейтіліпті. Мектептерге жақын аялдамалардың төбесі жабылып, жарық орнатылып жатыр. Биыл осындай 13 нысандағы жұмыстарды аяқтауы тиіс. Сол жағалаудағы № 66 мектеп-лицейдің кіре берісі тар, автокөліктер қоятын орын жеткіліксіз. Бұл туралы бұған дейін де айтылған болатын. Әкім 1 қыркүйекке дейін тиісті жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Сол сияқты, №76 және №75 мектептердің де кіре беріс жолдарын ашып, кеңейтуді тапсырды.

«Барлық осы нысандар бойынша кіре беріс жолдарды кеңейтіп, көлік тұрағын салып, Ә. Бөкейхан көшесінен толассыз шығып кететін жол салу қажет. Жақында оқу басталғалы отыр. Көлік ағыны көбейеді. Біз балалардың басын қауіпке тіге алмаймыз. Сондықтан барлық жауапты тұлғаларға жуық арада осы мәселені шешуді тапсырамын», - деді Ә.Исекешев. 

Ал Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, жалпы оқу жылына дайындық туралы хабарлады. Оның айтуынша, биыл Елордада 18 мың бүлдіршін 1-ші сыныптың табалдырығын аттамақ.

«Астаналық мектептерде 155 мыңға жуық бала оқиды деп жоспарланып отыр. Соның ішінде, 18 мың бала – бұл бірінші сынып оқушылары. Бұл әзірше болжамды ақпарат. Балалардың нақты саны қыркүйекте белгілі болады. Сондай-ақ, 1 сыныпқа баратындардың ішіндегі 6 жастағы балалар саны бұл көрсеткіштің шамамен 20 процентін құрайды», - деді Ә.Жанғозин.

 Ал балабақшалар мәселесін шешу қазір электронды жүйеге көшкен. Ә.Жанғозиннің айтуынша, соңғы екі жылда e-astana арқылы балабақшаларға 43 мыңнан астам жолдама беріліпті. Оның 23 мыңы билығы І жартыжылдықта. Сөйтіп, жалпы халықтың электронды жүйеге деген сенімдері артып келеді. Мәселен, былтыр жыл бойына  20 мың жолдама берілсе, биыл жарты жылдың өзінде көрсеткіш артып отыр. Басқарма басшысының хабарлауынша, биыл қалада 480 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша ашылған.

«Бұл №94 Сұңқар және №95 Алматы балабақшалары. Алматы балабақшасына балаларды қабылдау қыркүйек айында басталады. Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 720 орынға арналған екі балабақша салынып жатыр. Сонымен қатар, Ұлттық компаниялар тарапынан 720 орынға арналған тағы 2 балабақша салынып жатыр. Олардың барлығы 2019 жылдың соңына дейін іске қосылады», - деді мекеме басшысы.

 Д.Жиенқұлов

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды