- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Н.Назарбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады
Елбасы Н.Назарбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады
– Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған. Үкімет көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс жасау қажет. Сонымен қатар, бұған дейін қабылданған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарламаларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессиясының қорытындысы бойынша Сенат депутаттары салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Бесінші саммитінің нәтижелеріне арнайы тоқталды.
– Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде, – деді Мемлекет басшысы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы