- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы халықты мазалап жүрген өзекті сұрақтарды қамтыды – В. Редкокашин
Мемлекет басшысы халықты мазалап жүрген өзекті сұрақтарды қамтыды – В. Редкокашин
«Өткен жылы Мемлекет басшысы жариялаған 2050 Стратегиясы стратегиялық мақсаттарды анықтаған болатын. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы нақты әрі нық тапсырмалар қойды, онда Қазақстанның әрбір азаматы отыз дамыған ел қатарына ену жолында қандай әрекет жасау керектігі айтылған», -деді В. Редкокашин.
Сенатор атап өткендей, бұл «Шешуін табатын өте күрделі мақсат».
«Индустриялды инновациялық экономиканы дамыту қажет, ол ғылыми-зерттеу институттарымен жетілетін болады, оның қатарына ғылымды көп қажет ететін экономика мен еңбек ұжымдары да енеді», - деді ол.
Сондай –ақ, адамдардың әлеуметтік жағдайы да алға тартылды.
«Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс», -деді Президент халқына арналған Жолдауында.
«Мемлекет басшысы аталмыш бағатта қандай жұмыс жүргізілу керек екендігін нақты көрсетті. Бұл шәкіртақының көбеюі, мемқызметкерлердің жалақыларының көтерілуі, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуі»,-деді сенатор.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады», -деді Президент.
Айта кетейік, 17 қаңтар күні Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы «Қазақстан жолы-2050» : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жариялады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді