ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Петропавлда 95 үй жөнделді

19 Қаңтар, 2014 10:02
ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асырған 3 жыл ішінде Петропавлда 95 үй жөнделді, деп хабарлайды СҚО ішкі саясат басқармасы.

«ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асырған 3 жыл ішінде Петропавлда 1,3 млрд теңгеге 95 үй жөнделді» , - делінген хабарламада.

Соның ішінде өткен жылы жобаға енгізілген 9 көпқабатты үйдің жұмыстары әлі аяқталмады.

Жылыту маусымының келуіне байланысты «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында кейбір үйлердің жөндеу жұмыстары аяқталмады. Енді аталмыш жұмыстар бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бітеді», - дейді Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясы жетекшісінің міндетін атқарушы Дәулет Қалиасқаров.

2014 жылы бағдарлама аясында тағы 39 үйді жөндеу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар