• Басты
  • Brands of Kazakhstan шетелде отандық брендттердің имиджін қалыптастырады
9 Тамыз, 2018 12:44

Brands of Kazakhstan шетелде отандық брендттердің имиджін қалыптастырады

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» кітабының екінші томының тұсауы кесілді. Кітапта экономиканың түрлі секторларында және әр өңірде жұмыс істеп жатқан қазақстандық көшбасшы компаниялар мен брендтер таныстырылған.
Brands of Kazakhstan шетелде  отандық брендттердің имиджін қалыптастырады | Strategy2050.kz

 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры Алимжан Тоқтасынов аталмыш кітап қажетті материалдардың бірі екенін жеткізді.

«Қазақстанның брендттері кітабы экспорттық тауарларды өзге мемлекетте ілгерілету үшін өте қажет. Кәсіпкерлер де өздерінің үлестерін қосып, аталмыш кітаптың  жарыққа шығуына арқау болды. Экспортқа шикізаттық емес тауарды жіберген кезде ол белгілі бір танымалдылыққа ие болуы керек. Сондықтан, бізде өндірілетін тауарлар мен заттардың сапалылығы мен өтімділігі туралы кеңінен  жариялауымыз керек», - деді А.Тоқтасынов

Оның айтуынша, тауардың шыққан жерін  және  технологиясын түсінідіріп жазған кезде, ол тауар туралы  жалпы түсінік пайда болады.

«Бізге келген шетелдік инвесторларға көрсетіп, бізде сапасы жоғары кітаптар бар екенін паш етуіміз керек. Сондай-ақ, бұл кәсіпкерлерге жұмыс істеуде қажет болатын ақпараттық жолбасшы болып табылады. Кітаптың екі мақсаты бар: біріншіден, кәсіпкерлерге сапалы ақпарат беру, екіншіден, елдегі тауарлар туралы шетелдік инвесторларға  түсіндіру», - деді ол.

А.Тоқтасынов айтып өткендкей, кітапқа үш түрлі қазақстандық брендттер енген.  Оның ішінде, үлкен бизнес, шикізаттық емес тауарлар және технологиясы жақсы жаңадан келген кәсіпорындар енді. Бір ғана сала емес  жан-жақты саланы қамтыған.

Өз кезегінде,  Кітапқа енген кәсіпорындардың бірі  әрі  Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» кітабының бас демеушісі - Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинажды зауытының өкілі Мұратбек Жанас  алтын және күміс бағалы металдарды аффинаждайтынын жеткізді.

«Биылғы жылы біз 10 тонна таза алтынды аффинаждадық.  Ұлттық банкке құйма күйінде  12 келі алтын тапсырған болатынбыз. Біз ломбардттармен де жұмыс істейміз. Олар тапсырған бұйымдарды аффинаждаймыз. Біз қолөнершілермен де белсенді жұмыс жүргізіп келеміз», - деді Мұратбек Жанас.

Қазақстандық брендтер жайлы бұл басылым әзірше тек ағылшын және орыс тілінде жарық көруде. Алдағы уақытта ішкі нарыққа және кәсіпкерлерге арналған кітапты қазақ тілінде басып шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік,   «Kazakhstan-export-import.com» ЖШС компаниясының шығармашылық ұжымы 2016 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Made in Kazakhstan кітабын шығарған болатын. «Қазақстан брендтері. Brands of Kazakhstan» кітабы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Аягөз Құрмаш 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды