• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірігіп керекті көрсеткішке жету жолдарын қарастыруда — Б.Сұлтанов

Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірігіп керекті көрсеткішке жету жолдарын қарастыруда — Б.Сұлтанов

19 Қаңтар, 2014 09:05
ҚР Ұлттық банкімен бірігіп біз Мемлекет басшысы тапсырған тапсырмалардағы керекті көрсеткіштерге жету жолында экономикалық факторларды дайындап жатырмыз, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін.

«Өз Жолдауында Н. Назарбаев еліміздің әлемнің  дамыған 30 елінің құрамына ену жолындағы негізгі 7 бағытты атап көрсетті.Биыл Мемлекет басшысы Үкіметке 7 тапсырма берді. Соның қатарында экономикалық тұрақты өсім шамамен 6-7 пайыз аралығында. Ал теңгенің құнсыздануы 3-4 пайыз арасында болсын деді», - деген пікір айтты министр. 

Оның айтуынша, аталмыш көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолда бар құралдармен тиімді жұмыс істеу керек. 

«Біздің Ұлттың банкпен және мемлекеттік органдармен бірігіп қолға алып жатқан кұралдарымыз бар. Атап айтар болсақ, тарифтердің тұрақты өсімі мен тауарлардың әлеуметтік маңызы бар турлері бойынша. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкпен бірігіп біз Мемлекет басшысы тапсырған тапсырмалардағы керекті көрсеткіштерге жету жолында экономикалық факторларды дайындап жатырмыз», - деді Б. Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке 2014 жылдың 1 мамырына дейін теңгенің құнсыздануын 3-4 пайызға дейін түсүруді тапсырған.  

Барлық жаңалықтар