- Басты
- Жаңалықтар
- Бесінші Каспий маңы саммитінде қандай мәселелер талқыланады
Бесінші Каспий маңы саммитінде қандай мәселелер талқыланады
Самиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенция болады.
Елбасы аталмыш шараға қатысты кеңес өткізген кезде Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындық жүргізілгенін айтты. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды.
«Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек», – деді Қазақстан Президенті.
Кеңесте Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Бесінші Каспий саммитіне дайындық барысы жөнінде былай деген болатын.
«Бесінші Каспий саммитінің аясында Каспий теңізінің құқықтық режімін анықтау үшін көп жылғы келіссөздерді аяқтау жоспарлануда. Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болып саналады», – деді Қ.Әбдірахманов.
Айта кетсек, конвецияны әзірлеу жұмысы 20 жыл бойы жүргізілді. Құжат жобасында тараптардың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары, теңіз акваториясын, ұлттық су түбі секторларын бөлу мәселелері, биологиялық ресурстарды, су түбі мен жер қойнауларын игерумен байланысты әскери ынтымақтастық және шаруашылық-экономикалық қызметті жүргізу, кеме жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, теңізге қатысты ғылыми зерттеулер т.с.с. нақтыланған.
Каспий теңізінің құқықтық статусын реттеу Каспий аймағының саяси тұрақтылығымен экономикалық дамуын қамтамасыз ету, оның табиғи байлығын сақтау және көбейту, бірегей географиялық орналасуын пайдалану, жағалау маңындағы бес мемлекеттің жан-жақты ынтымақтастық орнатуы тұрғысынан стартегиялық маңызды болып табылады.
Алдыңғы төрт Каспий маңы саммиті қалай өткендігін атап өтсек: қазіргі уақытқа дейін Каспий маңы мемлекеттері Басшыларының төрт кездесуі өтті:
2002 жылы 23-24 сәуірде Ашхабадта;
2007 жылы 16 қазанда Тегеранда;
2010 жылы 18 қарашада Бакуде;
2014 жылы 29 қыркүйекте Астраханда.
2002 жылғы бірінші Каспий саммиті жоғары деңгейлердегі кездесулерді өткізуге негіз болды.
2007 жылы Тегеранда өткен Екінші Каспий саммитінің қорытындылары бойынша Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Декларациясына қол қойылды, онда Каспийдің құқықтық статусының негізгі мәселелерін, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің ұстанымдарымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттердің қолданыстағы келісімшарттарын саяси деңгейде бекітті.
2010 жылы Бакуде өткен Үшінші Каспий саммиті аясында Президенттердің Бірлескен мәлімдемесі мен Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласында ынтымақтамстық туралы Келісімге қол қойылды.
2014 жылы Астрахандағы Төртінші Каспий саммиті барысында Президенттер бірлескен Мәлімдемеге қол қойды, онда жағалаудағы мемлекеттер теңіздегі іс-әрекетін сәйкесінше жүргізуі тиіс көптеген қағидаттар тізімі нақтыланған. Аталған қағидаттар Каспийдің құқықтық статусы туралы Конвенция жобасына инкорпорацияланды.
Атап айтқанда, Мәлімдеме жағалаудағы мемлекеттердің арасындағы өзара қарым-қатынас негіздеріне, Каспий теңізін бейбіт мақсатта пайдалануға, Каспий аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, теңіздегі әскери құрылыс пен әскери іс-қимылға, Каспий акваториясын, су түбі мен қойнауларын бөлуге, кеме жүргізу режіміне, Дүниежүзілік мұхитқа еркін қолжетімділік құқығына, Каспий теңізінің биоресурстарын пайдалану мен табиғи ортасын қорғауға және теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты қағидаттарды нақтылайды. Каспий келіссөздері аясында аталған мәселелердің басым бөлігі бойынша пікірталастар ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді.
Сонымен қатар Төртінші саммитте Коммюнике қабылданды, онда мемлекеттер басшылары Каспийдегі келіссөздер процесіндегі ілгерілеуді атап өтіп, одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсеткен.
Сондай-ақ Төртінші саммит аясында Каспий теңізінің биологиялық су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге және Каспий теңізінде гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Жоғарыда аталған Астрахань саммитінің қорытындысы бойынша Каспий маңы елдері басшыларының Мәлімдемесіне сәйкес кезекті Бесінші Каспий саммиті Қазақстан Республикасында өтуі тиіс.
Айта кетейік, саммиттің алдында Ақтауда 10-11 тамыз аралығында Арнайы жұмыс тобының отырысы және Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді