- Басты
- Ұлы дала еліне саяхат: Алтай – өркениет бесігі
Ұлы дала еліне саяхат: Алтай – өркениет бесігі

Экспедиция құрамында шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, журналистер және туроператорлардың өкілдері бар. Олардың қатарында Photosafari.KZ фотографы Константин Киквидзе, ресейлік «Вояж» журналының мақалалар авторы Вероника Иванова, қазақстандық тревел-блогер Екатерина Кошко және тағы басқалар. Экспедиция мүшелері шамамен 2 500 шақырым жолды бірге жүріп өтуі тиіс.
Экспедиция Қазақстанның шығыс аймағындағы ең әсем жерлердің бірі – Бұқтырма су қоймасынан, оның әйгілі Көгілдір шығанағынан басталады. Келесі күні саяхатшылар Катон Қарағай ұлттық саябағына және Берел қорымына аттанбақ.Берел қорымы – бұл ашық аспан астындағы мұражай. Бұл жерде көлемі жағынан әртүрлі, тастан үйілген 70-ке жуық қорған бар. Бұл – елімізде баламасы жоқ, III-IV ғасырдың археологиялық ескерткіш-қорымы болып табылады.
Үшінші күні экспедиция қатысушылары теңіз деңгейінен 1685 метр биіктікте, Катон мұздығының бір саласы жатқан қатпарда орналасқан Қаракөлге барады. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 метрге дейін жететін көлдің оңтүстігінде, Ресей мен Қазақстанның шекарасында Катон жотасынының ортасындағы мұздықта Мұзтау шыңы орналасқан. Ашық күндері Мұзтаудың және оған іргелес шыңдардың бейнесін көл бетінен көруге болады.
Бағдардың келесі нүктесіне дейін экспедиция қатысушылары 8 сағат бойы салт атпен барады. Бұл – Үлкен Көккөл өзенінің сағасында орналасқан (Ақ Берелдің сол жақ саласы) Көккөл сарқырамасы. Саяхатшылар сарқыраманы, және Алтай табиғатының осы бір бұрышына ерекше сұлулық беретін, балқарағаймен және шырша орманымен көмкерілген, көркіне көз тоймайтын шатқалды тамашалай алады.
Ары қарай қатысушыларымыз Қазақстандағы ең сұлу көлдердің бірі – Марқакөлге аттанады. Ол осы аттас мемлекеттік табиғи қорықта, теңіз деңгейінен1447 метр биікте орналасқан. Көл маңындағы табиғат бірден көзді арбайды. Көл тауда орналасқандықтан, айналасы қалың орман. Жағасы тік жартас, кей жерлері көкмайса шөппен көмкерілген.
Бұдан кейін жоспар бойынша саяхатшылар картасында ландашфты ерекше көрікті Қиын Керіш шатқалы, одан кем түспейтін, Зайсан көлі жағасындағы шатқалдар – Шекелмес мүйісі мен Тарбағатай таулары белгіленген. Одан кейін экспедицияның осы бөлігі Алакөлге барып аяқталмақ. Алакөл – Қазақстанның ішкі су қоймалары арасында көлемі жағынан екінші орында тұрған және еліміздегі ағынсыз көлдер арасындағы жалғыз терең көл.
«Өздеріңіз байқағандай, бағдарымыз көпшілік туристке беймәлім, тың соқпақты басып өтеді. Экспедиция қатысушыларын жаңа жолдарды ашу және олармен жүріп өту күтіп тұр. Одан басқа, олар инфрақұрылымның жағдайын тексеріп, отандық және шетелдік саяхатшылар үшін өңірдің тартымдылығын арттыру үшін ең жақсы жағдайларды жасауға қатысты ұсыныстарын беруі тиіс. Бұл ретте біз, аймақтың экожүйесіне зиянымыз тимеуі үшін, өте ұқыпты болуымыз қажет», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Садуақасов.
«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының ұйымдастырушысы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы екенін естеріңізге саламыз. Жоба Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, осы жылдың 18 шілдесі мен 29 қыркүйегі аралығында 6 бағыт бойынша ең ірі «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы өтеді. Экспедиция аясында Қазақстанның көрікті әрі тарихи жерлеріне саяхат жасалады.
Экспедицияның келесі бағдарлары төмендегі облыстар бойынша өтеді: Алматы облысы – Жоңғар Алатауы;Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары – Сарыарқа;Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – Теңізден теңізге дейін;Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары – Жаңа Жібек жолы;«Жаңа Жібек жолы» бағытына Ресейлік National Geographic телеарнасының командасы қатысады.
-
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық 20 есеге артады
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі бойынша заң жобасына өзгерістер енгізілуде. Бұдан былай заң бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарына салынатын базалық салық ставкалары 20 есеге артады. Бұл туралы осы тақырып аясында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 17:36
-
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Грекия Мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
14 Қараша 2019, 09:40
-
Сенатта «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру талқыланды
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті еліміздің Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесіп, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.
08 Қараша 2019, 11:59
-
Ауыл-ел бесігі: Биыл 53 ауылда 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр
«Ауыл-ел бесігі» бағдарлмасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар Үкімет отырысында талқыланды. Бағдарлама аясында атқарылған нақты істер мен алдағы мақсаттар сараланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 10:22
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
04 Қараша 2019, 15:18
-
Қ.Тоқаев Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
23 Қазан 2019, 18:07
-
Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалады
24 қазанда елімізде тұңғыш рет "Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі" деген атпен республикалық тіл форумы өтетіні белгілі. Осыған байланысты елордада аталған форумның өту барысы, мақсаты мен онда көтерілетін мәселелер жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қазан 2019, 16:26
-
Нұр-Сұлтан - бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі – сарапшы
Бірнеше жылдан бері елордадамыз Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық деңгейдегі келіссөздер, бітімгершілікке шақырған кездесулер, форумдар өткізіліп келеді. Оның ішінде, ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Сирия жөніндегі Астаналық процесін атап өтуге болады. Осындай ғаламдық шараларды өткізіп, әлемдік бейбітшлікке үлес қосып жүрген астанамыз Нұр-Сұлтан- бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі, дейді Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты насихаттау департаментінің директоры, Қарлығаш Қалилаханова, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
16 Қазан 2019, 16:56
-
Үкімет Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр – Т.Құлыбаев
Бас прокуратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, «Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалауы» жөнінде бизнесті қорғаудың IV форумын өткізді.
11 Қазан 2019, 16:00
-
Ұлы дала елі- Туристік индустрия мен экспортты дамытудың жолы
«Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің аясында Ұлы дала елі қолөнер шеберлерінің форумы өтті. Форумда қолөнер саласының туристік әлеуетті арттырып, қазақстандық имиджді шетелде ілгерілендіруге қосатын үлесі талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қазан 2019, 12:31
-
Ұлытау Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу орталықтарының бірі болады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында Алаша хан, Жошы хан кесенелерін, сондай-ақ Алтын шоқы тауында орналасқан Темірлан тас тақтасын аралады. Вице-премьер Президенттің Ұлытау ауданын дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен танысты.
07 Қазан 2019, 12:34
-
АӘК заңсыз пайдаланғандар тарапынан мемлекетке 156 млн теңге қайтарылды
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде 73 мыңнан астам жанұя табыстарын жасырған. Нәтижесінде, мемлекетке 156 млн теңге қайтарылып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қазан 2019, 12:32
-
Елордада «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты кездесу өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырумен «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты шығармашылық кездесу кеші өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 11:30
-
Анкарада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласында Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
16 Қыркүйек 2019, 15:16
-
Анкарада «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.
02 Қыркүйек 2019, 16:02
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды