- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Елбасы Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов, Қорғаныс министрі С.Жасұзақов және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Басқосуда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды.
«Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек», – деді Қазақстан Президенті.
Кеңесте Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Бесінші Каспий саммитіне дайындық барысы жөніндегі есебі тыңдалды.
«Бесінші Каспий саммитінің аясында Каспий теңізінің құқықтық режімін анықтау үшін көп жылғы келіссөздерді аяқтау жоспарлануда. Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болып саналады», – деді Қ.Әбдірахманов.
Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері арасындағы өзара тиімді экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған Конвенцияға қол қоюдың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Бесінші Каспий саммитін өткізуге дайындық жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары