- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Үндістан: ынтымақтастық қалай дамып жатыр
Қазақстан мен Үндістан: ынтымақтастық қалай дамып жатыр
Келіссөздер барысында екі жақты мемлекетаралық қарым-қатынастардың стратегиялық сипаты, сондай-ақ екі ел халықтарының арасындағы достық дәстүрі атап өтілді. Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модинің 2017 жылғы маусымда Астанада және осы жылдың маусым айының басында Циндао қаласында өткен ШЫҰ саммитері аясындағы екіжақты кездесулердің барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын талқылады.
«Жақында Қытайдың Циндао қаласында өткен Қазақстан-Үндістан кездесуінен кейін Қазақстан Президенті Үкіметке Үндістанмен инвестиция, энергетика, логистика, ақпараттық технологиялар, ғарыш, фармацевтика, туризм және киноөндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы негізінде біз 2019 жылға жоспарланған жоғары деңгейдегі ресми іс-шаралардың мазмұнын дайындаудамыз», - деді Қ. Әбдірахманов.
СІМ хабарлағандай, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Үндістан тарапына Астананың 20 жылдық мерейтойына, Астана экономикалық форумының XI сессиясына, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанатына Үндістан өкілдерінің қызығушылықтары мен белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
2017 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 1 миллиард доллар деңгейіне жетті. Тараптар осы көрсеткішті арттыру мақсатында белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Атап айтқанда, көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде Үнді мұхитына қол жеткізу мақсатында Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тараптар Қазақстан-Үндістан Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасы мен Үндістанның сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы арасындағы Іскерлік кеңестің жемісті жұмысына қанағаттанушылық білдірді. Бұл жұмыс аясында Үндістанның іскер топтары ірі қазақстандық әуежайларды басқаруға, сондай-ақ «Астана» ХҚО, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар жөніндегі халықаралық орталығы және «AstanaHub» IT-стартаптар технопаркі шеңберінде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Көпжақты ынтымақтастық саласында БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру бойынша қосымша қадамдар анықталды. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Үндістан тарапы БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері құрамындағы (UNIFIL) үнді батальонына биылғы жылы қазақстандық бітімгершілік контингентін енгізуіне көмектескенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, көпжақты ынтымақтастықтың маңызды жобаларының бірі - Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістанның арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің басталуы.
Мәдени-гуманитарлық байланыстар әрдайым тараптардың назарында болады. Қазақстан Үндістанға биылғы жылдың қаңтар айында Сринагар қаласында танымал тарихшы, мемлекет қайраткер Мухаммед Хайдар Дулатидің қабірінің қалпына келтірілуіне қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. Бұдан басқа, Болливуд киностудияларымен бірлескен фильмдер жасау жолындағы алғашқы қадамдар жасалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы