- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазынаның» бүгінгі әл-ауқаты қандай
«Самұрық-Қазынаның» бүгінгі әл-ауқаты қандай
Ернар Жанәділдің айтуынша, ағымдағы жылдың басында компанияның жұмысына бірқатар өзгертулер енгізілді.
«Қаңтарда қордың жаңа қоры бекітілді. Оның негізінде компанияның топ-менеджерлері мен департаменттер саны айтарлықтай қысқарды. Сатып алу жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне тендерлер артты. Сәур айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Ахметжан Есімов Елбасына Қордың 10 жылдық даму стратегиясын ұсынды», - деді ол.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев стратегиядағы бастамаларды қолдап, Қордың дамуына бағытталған іс-шараларға оң бағасын берген болатын. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» Қорында барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелген.
«Жалпы, «Самұрық-Қазына» холдингінің негізгі қызметінен түскен кіріс 3,339 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Сонымен қатар, жарты жылда операциялық қызмет бойынша жылдық жоспар 78%-ға орындалып, табыс көлемі 428 млрд теңгеге жетті», - деді Ернар Жанәділ.
Ол атап өткендей, жоғарыда аталған көрсеткіштерге бірнеше фактор арқасында қол жеткізілді: аталған кезеңде мұнай өңдеу көлемі 13%-ға, электр энергиясының өндірісі 28%-ға, теміржол жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты, сонымен қатар, көмірсутектер бағасы көтерілді.
«Қор мен оның алдыңғы қатарлы қоржындық компанияларының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағытындағы жұмыс нәтижесін атап өту маңызды: 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор сыртқы қарыз көлемін $900 миллионға азайтты, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның $1,6 млрд халықаралық облигациялары өтелді, «Самұрық-Энерго» АҚ 39 млрд теңгеге жуық қарызын мерзімінен бұрын төледі», - деді ол.
Бұған қоса, Қор «Қазкоммерцбанк» АҚ-да көлемі 117 млрд теңгені құрайтын бұғатталған депозиттегі қаржысын мерзімінен бұрын алды, сондай-ақ кезекті екінші деңгейлі банкпен 220 млрд теңге көлеміндегі депозитті қайтару туралы келісім-шартқа қол қойылды.
«Босатылған қаражат нарықтағы көрсеткіштерден төмен ставкамен «Самұрық-Қазына» Қорының қоржындық компанияларына қарызға беріледі. Анықтап айтқанда, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – 75 млрд теңге, «Қазақтелеком» АҚ – 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - $200 млн алады.«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, орташа мерзімде бұл қадам 50 млрд теңге көлемінде оң нәтижесін береді», - деді Е.Жанәділ.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал бірінші жартыжылдықта аталған нәтижелерге жаңа Даму стратегиясының аясында Қорда жүзеге асырылған құрылымдық өзгерістердің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.
« Холдингтің еншілес компанияларының саны 359-дан 312-ге дейін қысқартылды. Құны 28,5 млрд теңге болатын 15 актив сатылды. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» қоры тағы 51 активті сатып, 102 стратегиялық маңызы жоқ активтен шығуды жоспарлауда. Аталған жұмыс жекешелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады», - деді Балжит Гревал.
Шарада негізгі жобалармен қатар екінші жартыжылдықта «Химпарк Тараз» және Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-газ технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарын дамыту бойынша міндеттер анықталды.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады.
Аягөз Құрмаш
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі