• Басты
  • ЕХӘҚМ мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақылар туралы түсіндірді
2 Тамыз, 2018 11:55

ЕХӘҚМ мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақылар туралы түсіндірді

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 2016 жылы екі рет арттырылды. Жалпы, мүгедектікке қатысты Strategy2050.kz АА-ның фейсбуктегі парақшасында бірқатар сұрақтар келіп түскен болатын. Оларға жауапты біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші–қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасовтан алған болатынбыз.
ЕХӘҚМ мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақылар туралы түсіндірді

Еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші–қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов құзыретіне қарай оқырман сұрағына жауап берді.

Анар Дилдебаева: 3 топтагы мугедектер адам емеспе. Олар жемей ме, ішпей ме, дәрі-дәрмегин алмай ма? Неге аз болса да коспайды?

Шолпан Габдуллина: Зейнеткерлерге жасына байланысты қосты, ал мүгедектерге 1 тиын да қосылған жоқ. Бұл әділдік пе? Ал дәріханалардағы, дүкендердегі баға күнде көтеріледі, таксидің өзі қымбаттап кетті. Былтыр шілде айында да мүгедектерге ештеңе қосымап еді, биыл да жоқ. Мүгедектерді ойлайтын адам бар ма, өзі?

«Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 2016 жылы екі рет арттырылды. Ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жыл сайынғы 7 %-ға арттыруды ескермегенде,  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында 2016 жылдың   1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қосымша 25 %-ға арттырылды.Бұл шаралар жәрдемақылар мөлшерінің 2013 жылмен салыстырғанда 50 %-ға дейін өсімін қамтамасыз етті. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты кезекті рет 7 %-ға ұлғайтылды.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс шамасының қайта қаралуына орай 16 %-ға арттырылды.Осылайша, еңбек етуге қабiлетсiз халықты әлеуметтік қолдау шаралары атаулы және жүйелі түрде жүзеге асырылып отырады», - деді А.Сарбасов.

Алуа Апсейтова: Баламның жүрегіне ота жасады. 28.07.2017 де, мүгедектікті 20.02.2018 де берді, алты айға. «Сіздің балаңыздың жағдайы жақсы» дейді. Диагноз ВПС.ДМПП. СОСТОЯНИЕ ПОСЛЕ ОПЕРАЦИИ НА СЕРДЦЕ ПЛАСТИКА. ДМПП.СН.2 АСТ. СОЛАЙ беріледі ме? Кім біледі? Болмаса қайда бару керек? Комиссия МСЭК келмей ақ қойыңыз деген. Айтып жіберіңіздерші.

Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:

1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;

2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);

3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.

«Мүгедектікті белгілеу медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының берген жолдамасы негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен жүзеге асырылады», - деді Ақмади Сарбасов.

Оның айтуынша,  МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы ұсынылған құжаттарды қарау, куәландырылатын адамды тексеру және медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүгедектік мынадай мерзімдерге:

- он алты жасқа дейінгі адамдарға - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін;

- он алты жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін;

- он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

Сонымен қатар, куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына оны алған күннен бастап бір ай ішінде МӘС әдіснама және бақылау бөліміне МӘС актісіндегі құжаттар негізінде шағымдануға құқылы.

«Ал, МӘС бөлімінің  немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы», - деді ол.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, шығарылған сараптамалық қорытыныдымен келіспеген жағдайда тұратын жеріндегі аумақтық бөлімшенің МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолығуы қажет.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды