Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Түркістан облысының өндірістік және әлеуметтік ахуалы

Түркістан облысының «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауыты осы жылдың күз айында толық қуаттылығымен іске қосылады. Құрылыс жұмысына мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулардың тиісті деңгейде атқарылуын облыс әкімі тапсырды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы01 Тамыз , 12:03

Ж.Түймебаев жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарға жаңа цифрлық технологиямен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізу қазіргі заманның қажеттілігі екенін айтып өтті.

Инвестициялық құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндірмек. Бұл жоба Қазақстанның жасанды талшықтарға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады деп күтілуде. Аталған жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 200-250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Жасанды талшық - бұл өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылатын әмбебап материал. ПЭТ-ті қайта өңдеу Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға әсер етеді.

Еске салайық, бұл жоба «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде жүзеге асып отыр. Жобаны әлемге танымал шетелдік HONGKONG TIANRUN CO…LTD ірі өндіріс компаниясы облыс әкімдігімен және Green Technology Industries компаниясымен бірлесе отырып салуда. Бүгінде бұл компания 70 мемлекетте өндіріс орындарын ашып үлгерген. Айта кетейік, аталған индустриалды аймақта 1 583 жұмыс орны ашылып, соммасы 65 716,9 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылуда. Соның ішінде 107 жұмыс орнымен қамтылған, қаржысы 7 788,9 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2018 жылдың І жарты жылдығына дейін 24 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 24 мың отбасы, яғни, ондағы 139,5 мың адамға қазына қаржысынан 7639,2 млн. теңге қаралып, оның ішінде, 127,5 мың адамға (91,4%) шартты ақшалай көмек, 12 мың адамға (8,6%) шартсыз ақшалай көмек тартылды. 

Сондай-ақ, 19585 еңбекке жарамды шартты ақшалай көмек алушы азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, олардың 85,1 (16660 адам) пайызы тұрақты жұмысқа тұрған. Ал 1561 адам шартты ақшалай көмекке бөлінген қаржының есебінен өз ісін ашыпты. 

 

Негізінен, биыл өңірде 259 мыңнан астам азаматты жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа 16,4 млрд. теңге қаралып отыр.  

 

«100 нақты қадам – Ұлт жоспары»  аясында биылдан бастап қазіргі ұсынатын үш түрлі әлеуметтік төлемдер орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілген-ді. Оның мәні, шындығында қиын жағдайға тап болған және нақты себептерге байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек ұсынылатын болады. Еңбекке қабілеттілікті сақтаған, көмек алушы үміткерлері белсенді бағдарламаларға қатысушысына қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады. 

Сондай-ақ,  Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, "Жасыл ел" еңбек жасағының қатарында жүрген жастар баршылық.

Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді. Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбек ақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың арқасында 117 елді мекендегі 6 мың метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мың га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды. 

Айта кету керек, Елбасының бастамасымен құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Тоғыз жылдың ішінде өңіріміздегі 13 мыңнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған. 

 




Яндекс.Метрика