- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Палестина: дипломатиялық қарым-қатынастың дамуы
Қазақстан мен Палестина: дипломатиялық қарым-қатынастың дамуы
«Қазақстан Палестинамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға зор маңыз береді. Аталған ынтымақтастықтың негізін Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда 1991 жылы Палестинаны азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің көшбасшысы Ясир Арафаттың елімізге, сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылы Палестинаға жасаған сапарлары қалады», - деді Қ. Әбдірахманов кездесудің қорытындысы бойынша.
Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына жиырма алты жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел түрлі салаларда ынтымақтастық орнатқан. Тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарымен қоса БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтасты сәтті дамып келетінін атап өтті.
Қазақстан СІМ басшысы халықаралық ұйымдар аясындағы Қазақстанның халықаралық бастамаларына Палестина Мемлекеті тұрақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Өткен жылы Палестина Астанадағы ИЫҰ-дың Ғылым және технология саласындағы Бірінші саммитіне қатысты.
Сапар барысында Қ. Әбдірахманов және Р. әл-Мәлки екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар жөніндегі меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Палестинаның Сауда, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы палаталарының федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындарды ілгерілету үшін ақпарат алмасуды көздейді. Сондай-ақ тараптар «мүдделі тұлғаларға консультациялық қызмет, жобаларды сүйемелдеу, заңгерлік консультациялар, серіктестерді іздеу бойынша қызмет, іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу ұсынады және қамтамасыз етеді» деп меморандумда айтылған. Қ. Әбдірахманов өз сөзінде ауыл шаруашылығы, медицина және туризм салаларын ерекше атап өтті.
Министрдің пікірінше, екіжақты қарым-қатынастың «достық көпірі» болып табылатын ондаған палестиналық студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып шықты. Қазақстан жыл сайын Палестиналық қашқындарға көмек беру және жұмыс ұйымдастыру жөніндегі БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігінің бюджетіне (ПҚКЖҰ-UNRWA) ерікті жарналар енгізеді.
«Қазақстан Республикасы Палестина проблемасының реттелуі Таяу Шығыс өңірінде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың негізгі шарты болып табылатынына сенім арта отырып, Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындап, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуын дәйекті жақтайды. Палестиндік-израильдік жанжалдың шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін «екі халыққа екі мемлекет» қағидасы бойынша іске асуы тиіс. Түрлі қиындықтарға қарамастан, келіссөздер процесі әрі қарай жалғасуы керек.Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатудың ажырамас шарты болып табылатын өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдауын көрсетуді жалғастырады, сондай-ақ достас Палестинаның барлық бейбіт ұмтылыстарын әрдайым қолдап, барынша жәрдемдесетін болады»,- деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды