• Басты
  • Жамбыл облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қалай жүзеге асырылуда
31 Шілде, 2018 11:24

Жамбыл облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қалай жүзеге асырылуда

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова облыстағы кәсіптік-техникалық білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жамбыл облысында   техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қалай жүзеге асырылуда

 Елбасы тапсырмасын орындау аясында облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен облыстағы кәсіптік-техникалық білім беру саласында бірқатар оң өзгерістер енгізілген.

«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға биылғы жылы      7 млрд. 37 млн. 983 мың теңге (2017 жылы 6 млрд. 451 млн. 526 мың) бөлінді. Соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 640 млн. 420 мың теңге (2017 жылы 170 млн. 33 мың теңге).2017-2018 оқу жылында облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін 49 колледжде (26-сы мемлекеттік, 23-і мелекеттік емес) 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 26890 студент білім алуда», - деді ол.

Оның 13531-і (50,3%) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқиды.26 мемлекеттік колледждерде 15186 студент (56,4%) білім алуда. Оның 9-ы (8862 студент) орта кәсіптік білімді мамандарды, 17–і (6324 студент) жұмысшы мамандарын даярлайтын  колледждер.

Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей тапсырмасы бойынша облыстағы еңбек нарығының қажеттілігі аудандар мен Тараз қаласы әкімдері және тиісті басқармалардың (жұмыспен қамтуды үйлестіру, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, энергетика, мәдениет) ұсынымы негізінде және «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының ұсынған қажеттілігі ескеріле отырып (1 жылға - 3650 орын, 5 жылға -13 963 орын). жинақталды           (1 жылға - 8028 орын, 5 жылға – 20976 орын).

« Мамандарға қажеттілік өңірдің 1453 жұмыс берушілерінің сұранысы негізінде жинақталды.Биылғы 2018-2019 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Облыстық бюджеттен 4254 орын, республикалық бюджеттен 770 орын (2017-2018 оқу жылында - 4993 (64,2%), 2016-2017 оқу жылында - 4123). Бөлінген мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес, техникалық мамандықтар  саласы - 294 орынға, медицина саласы – 225 орынға, ІТ саласы – 125 орынға, ауылшаруашылығы саласы - 75 орынға артты», - деді Р.Сейтбекқызы.

Сонымен қатар, технологиялық мамандықтар саласы – 333 орынға, химиялық 445 орынға, қызмет көрсету -265 орынға, құрылыс саласы 3 орынға кеміп отыр.

«Мамандықтар бөлінісі бойынша 3324 (66,1%) жұмысшы (680 млн. 722 мың тг) және 1700 (33,8%) орта буын (292 млн. 438 мың тг) мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бекітілді (Өткен жылмен салыстырғанда жұмысшы мамандығында 6 пайыз кему (292 орын) және орта буын мамандығына 6 пайыз (323 орын) өсім байқалады).Осы жаңа оқу жылынан бастап, Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты білім мекемелерінің, жұмыс берушілер мен білім алушылардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған екі өзгешелік енгізіледі», - деді ол.

Бірінші, жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында келісім шарт жасалады.

Мұнда, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында жұмыс берушімен (кәсіпорын, шаруақожалық) берілген қажеттілік бойынша оқу бітірген түлекті алған мамандығы бойынша кәсіпорын жұмысқа қабылдауға міндеттеледі.

Ол айтып өткендей,  жұмыс беруші түлекті бітірген мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнымен, тиісті құрылғылармен және ҚР заңнамаларында белгіленген ең төменгі 1 айлық жалақыдан кем емес жалақымен (кемінде 1 жыл бойы) қамтамасыз етуге міндеттеледі. Бүгінгі күнге, облыс бойынша 330 келісім шарттар жасалды (23%), бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

« Білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы келісім шартта еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды тапсырыс беруші өндіріс орындарының талаптарына сай мамандар дайындау міндеттеледі.Сонымен қатар, барлық аудандар мен Тараз қаласының жұмыспен қамту орталықтары, жұмыс берушілер және колледждер арасында 3-жақты меморандумдар жасалды. Меморандумдарда колледж түлектерін бітірген мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылуына барынша жағдай жасау мәселелері қаралған», - деді ол.

ҚР Президентінің тапсырмасымен 2017 жылдан бастап «Баршаға тегін ТжКБ» жобасы енгізілді. Жобаны іске асыру жұмысшы кәсіптері бойынша жергілікті бюджет есебінен, сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Биылғы жылы бағдарламаны іске асыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 9 колледжде 11 мамандық бойынша 770 орын бөлінді (2017 жылы 9 колледжде 10 мамандық бойынша 770 орын).

Дуальды оқыту жүйесі бойынша 189 әлеуметтік серіктестермен 2345 келісім шарт жасалды. (2016-2017 оқу жылында 153 кәсіпорын, 547 келісім шарт).

Бүгінгі күні, жұмысшы мамандарын даярлауда 49 колледждерде 426 арнайы пән кабинеттері, 110 зертхана, 111 шеберхана, 19 оқу полигон, 5 оқу шаруашылығы мен 14 оқу техника алаңдары жұмыс атқаруда. Колледждердегі 107 техниканың 56-ы, яғни 46%-ы соңғы 5 жылда алынған.

Облыстағы 26 мемлекеттік колледждің 15-і (57,7%) типтік үлгідегі, 12-і (46,1%) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін іске асыру бойынша облыста 3 колледждің студенттері үшін 750 орынға жатақхана құрылысын салу қажеттілігі анықталған.

«Облыстағы 23 колледжде (20 мемлекеттік, 3 – мемлекеттік емес) жатақхана бар. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ТжКБ саласында 1 нысаналы индикатор және 9 көрсеткіштер бар», - деді Рахия Тұрмаханбетова.

Айта кетейік, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындау, кәсіптік стандарттарды еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңарту талабын қойған болатын.

Аягөз Құрмаш 

 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100