- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қалай жұмыс істейді
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қалай жұмыс істейді
Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа ЖОО-лар мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін (депозиттер) енгізуді көздейтін «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) депозиттерінің басты артықшылығы салымдарға 12% дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, басымдықты санаттағылар үшін - 7%.
«Бүгінгі таңда МБЖС шеңберінде 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді. Ағымдағы жылдың ақпан айында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекет сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта МБЖЖ бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 105 және колледждерімен 525 МБЖЖ саласында келісім жасалды. Бүгінгі күнде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алып жүр, – дейді Асқар Ыбрайымов.
Өз кезегінде департамент менеджері Алпамыс Сатыбалдин бөлінген мемлекеттік сыйақының жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден асатынын айтты.
«Алғашқы салынатын жарна көлемі 3 АЕК құрайды. 2018 жылы ол 7215 теңге шегінде болып отыр. Яғни, білім депозитін ашу үшін осы соманы салып, әрі қарай қаражат жинақтай беруге болады.Депозиттегі келесі толтырулардың мерзімі мен көлеміне қатысты ешқандай шектеу жоқ», - деді ол.
Ол айтып өткендей, мысалы, өз балаңыз үшін айына сегіз мың теңгеден жинақтағанның өзінде, ол он сегіз жасқа толғанға дейін бір миллионға жуық қаражат жинап қояды.
«Оның үстіне, банк пен мемлекет екі миллионға жуық қаражат қосып береді. Осылайша бұл сома үш миллионға жуықтайды. Егер, ол бала оқу грантын иеленсе, онда ол жинақталған соманы шешіп алуына немесе үшінші тұлғаның білім алуы үшін аударуына болады», – деді Сатыбалды Алпамыс.
Ол бұл депозиттер 10 млн теңгеге дейін қазақстандық депозиттерге кепіл беру қорымен сақтандырылатынын айтты.
« Сол сияқты, мемлекеттік сыйақыға табыс ретінде ешқандай салық салынбайды.Білім депозиті іске қосылған уақыттан бері салымшылар иелері біршама жасарғаны байқалады. Бастапқы кезде салымдар 10-11 сыныптың оқушыларына арналса, қазір ата-аналар балалары 6-7 шамасында болған уақыттан бастап қаржы жинақтауды қолға алып отыр. Ия, гранттар саны жыл сайын өсіп келеді. Алайда, ол елдегі студенттердің барлығына жетпесі анық. Ал, депозит болса, бұл сақтандыру салымы болып табылады», – деді А.Сатыбалдин.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр