- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Қазақстанның екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
СІМ хабарлағандай, аталған оқиға ауқымды еңбектің нәтижесі, өткен жыл бойы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының сарапшылармен дайындалған Шарын мен Жоңғар бойынша номинациялық досьесі халықаралық сарапшылармен алдын ала оң бағаланып, нәтижесінде Халықарылық кеңеспен мақұлданды.
Шарын биосфералық резерват көлемі 239,7 га. орналасқан Алматы облысының және Іле тауаралық қазаншұңқырдың орталық бөлігінің бірегей биогеожүйесі болып табылады. Резерват Шарын өзенінің реликтілік шаған орманын каньон сипаттас таңғарымен, қарамағындағы учаскелердің шөлдері мен Үлкен-Боғыт жотасының тау даласын біріктіреді және өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады.
Жоңғар Биосфералық резерваты 645,6 га. Алматы облысындағы Жетісу Алатау жотасының солтүстік макробөктерінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань тауының барлық тау экожелісін қамтиды. Аталған резерват биологиялық әртүрлілікті сақтауға ғана емес, барлық алманың мәдени сорттарының арғыатасы болып табылатын алманың жабайы өсетін түрі – Сиверса алмасының генофондын қорғауға аса маңызды және оны қайта қалпына келтіруге негіздеме бола алады.
Қазақстандық биосфералық резерваттардың тізімі екі объектімен толықтырылды және он биорезерваттардан құралады: Ақ-Жайық, Ақсу-Жабағлы, Қорғалжын, Алакөл, Қатон-Қарагай, Барсакелмес, Қаратау, Алтын-Емел, Шарын және Жоңғар.
Халықаралық мәртебе ЮНЕСКО-ның жаңа биосфералық резерваттарына халықаралық ынтымақтастықты, ішкі және сыртқы туризмді тиімді дамытуға, сонымен қатар, тұрақты дамудың принциптерін енгізуге үлгі бола алатын аумақтарға айналуға мүмкіндік береді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді