- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жеңіл автомобильдердің өндірісі 76,4%-ға ұлғайды - ҚазАвтоПром
Қазақстанда жеңіл автомобильдердің өндірісі 76,4%-ға ұлғайды - ҚазАвтоПром
О.Алферовтың айтуынша, жеңіл автомобильдердің өндірісі 76,4%-ға ұлғайып, 13 725 бірл. мәніне жетті. Олардың арасында 8 573 бірл. (62,5%) «АЗИЯ АВТО» АҚ үлесіне тиесілі, ал 5 152 бірл. (37,5%) «СарыаркаАвтоПром» ЖШС шығарды.
«Автобус техникасын шығару 6 ай ішінде 2 есе қысқарды. Жүк автомобильдерінің өндірісі (486 бірл.) өткен жылғы көрсеткіштің деңгейінде (484 бірл) сақталды. Мамандандырылған автомеханиканы шығару 46 бірліктен 86 бірлік тіркемеге дейін – 145 бірліктен 210 бірлікке дейін ұлғайды. 2018 жылдың маусым айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 791 бірлік автокөлік құралдары шықты, бұл 2017 жылғы нәтижелерден (1 815 бірл.) 53,8%-ға жоғары», - деді О.Алферов.
Оның айтуынша, 6 айдың қорытындылары бойынша отандық автозауыттар өткізген автокөлік құралдарының саны 12 851 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы мәннен (7 729 бірл.) 66,3%-ға жоғары.
«Казавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 36,9% қарағанда 47,3%-ға дейін ұлғайды. Жергілікті жерде құрастырылған автомобильдер сегментіндегі үстем жайғасым «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға тиесілі – 7 298 автомобиль сатылды немесе өткізілген отандық техниканың қосынды санының 56,8% құрайды. «СарыаркаАвтоПром» ЖШС 4 913 бірлік автокөлікті өткізді», - деді ол.
Ол атап өткендей, Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің сұранысқа анағұрлым ие бестігіне I жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Lada,Hyundai, KIA ,JAC және Ravon (537 бірл.) кірді. Отандық кәсіпрындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Chevrolet (463 бірл.), Skoda (221 бірл.), Peugeot (104 бірл.) және SsangYong (7 бірл.) кірді.
«Жергілікті жерде өндірілген жеңіл автомобильдердің рейтингін Lada брендінің модельдері бастады: Lada Granta (1 695 бірл.), Lada 4x4 (1 499 бірл.) және Lada Vesta (1 080 бірл.). 6 ай ішінде 2 269 автомобильді жеңілдікпен автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар сатып алды. Олардың үлесіне жергілікті жерде өндірілген автомобильдердің сатылымының 17,7% тиесілі», - деді ол.
I жарты жылдығының қорытындылары бойынша республиканың ЖІӨ құрылымында сала кәсіпорындарының үлесі 88,3 млрд теңгені құрады (жылдық ескілік көрсеткішіне +68,3%), бұл фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіптегі осыған ұқсас сандардан айтарлықтай жоғары. Автоөнеркәсіп кәсіпорындарының инвестициялары есептік кезеңдегі негізгі капиталда 444,2 млн теңгеге жетті.
Автокөлік техникасы өндірушілерінен республикалық бюджетке салық түсімдері 3,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың дәл осы уақытындағы көрсеткіштерден 3,5 есе асады.
О.Алферовтың айтуынша, маусым айында Қазақстандық автокөлік өнеркәсібі өндіріс көлемін үздіксіз алтыншы тоқсан бойы өсуін аяқтады. Сонымен бірге есепті жарты жылдықта 2015 жылдың басынан бастап ең табысты кезең болды.
« Тұрақты макроэкономикалық жағдай, мемлекеттік қолдау және өндірушілердің белсенді жұмысы арқасында салалық шығару 67% ұлғайды. Қазірдің өзінде өткен алты ай қорытындылары бойынша біз өндірістік көрсеткіштермен 2015 жылдың толық нәтижесіне жақындадық. Бұл жетістіктің 58% Өскемендік «АЗИЯ АВТО» конвейері қамтамассыз етті», - деді ол.
Қазақстандық автомобиль зауыттарының ұсыныстарына сұраныс осы жылдың II тоқсанында тарихи максимумды жаңартты: Қазақстандық автокөлік өнеркәсібінің нарықтағы улесі 48,4% жетті. Егер импортталатын автокөліктер сатылымы 7,5 % артса, казавтопром модельдерінің сатылымы бірінші жарты жылдықтың ішінде екі есе көбейді. Ішкі жинау сегменті нарықтық өсудің локомотиві болуда.
«Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша салалық үлесі ЖІӨ структурасына 68% және 88,3 млрд теңге құрады. Автокөлік өндірушілердің салық аударымдары 3,5 есе көбейіп, 3,9 млрд теңгеден асты. Салалық көрсеткіштерінің қалпына келу қарқыны жылдық нәтиже бойынша 30 мыңнан кем емес автокөлік шығаруға сенуге негізін береді. Ал бұл саланың дағдарысқа дейінгі көлемдерге - 2014 жылы жеткен деңгейден үш тұтас өнім айырып тұрғанын көрсетеді», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды