- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар өңірлерде «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуымен танысты
Сенаторлар өңірлерде «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуымен танысты
Шара барысында аймақтағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, денсаулық сақтау, сондай-ақ жетім балалар құқықтарының сақталуы мәселелері қаралды.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы саладағы жағдайды жақсарту, білім беру және тәрбие мекемелері жүйесін жетілдіру, мемлекет пен қоғамды үйлестіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты. С.Айтпаева үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің сауалдарына жауап берді және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын дамыту мен елдегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы әңгімеледі.

Сенатор С.Айтпаева Оралда өткен трансшекаралық су жөніндегі ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға да қатысты.
Форумға парламенттердің, орталық және жергілікті билік органдарының, ғылыми қауымдастықтың, азаматтық қоғамның, Қазақстан, Ресей, Аустрия, Өзбекстан және басқа да елдердің сарапшылар қоғамдастығының 130-дан астам өкілдері жиналды.
Конференция барысында Жайық өзенінің су ресурстарын басқару жөніндегі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ су ресурстарын қорғау мәселелері бойынша шешім қабылдаудағы жұртшылықтың рөлі талқыланды.
Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты.
Парламентшілер бастаманың әр тармағы бойынша өзекті мәселелерді, пікірлер мен ұсыныстардың топтамасын жинақтауды жоспарлап отыр. Облыстық мәслихаттың отырысында аймақта жүргізілген жұмыстардың аралық нәтижелері сарапқа салынды, жиналысқа облыстық басқармалар басшылары, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы есебінен «7-20-15» бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникация құрылысына жоспар жасалғаны туралы қатысушыларды хабардар етті.
Елбасының басқа бастамалары бойынша да белсенді жұмыстар жүзеге асуда. Есептеулер бойынша, облыстағы еңбекақысы төмен 22 мың жұмысшыға еңбекақысын көтеру үшін салық азайтылатын болады.

Студенттерге арналған жатақханалар салу тетіктері әзірленуде. Қазіргі уақытта облыста 2 870 студентті орналастыру үшін 11 жатақхана салу қажет. Көкшетау қаласының әкімдігі 4,5 гектардан астам ыңғайлы жер телімін белгіледі. Шағын және орта бизнеске шағын несие беруді ұлғайтуға қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, газбен қамтамасыз етудің жол картасы әзірленді. Аршалы ауданында 40 мыңнан астам адам тұрғыны бар 17 елді мекен, Целиноград ауданында 90 мыңнан астам тұрғыны бар 7 елді мекен газбен қамтамасыз етілетін болады.
Сенаторлар бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға қатысты жиынға қатысушыларға бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, Д. Әділбеков пен Р.Әкімов «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру басталғаны және оның шарттары тұрғындардың толық хабардар етілгені туралы сұрады.
Депутаттардың айтуынша, кездесулер барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру кезінде жас ерекшеліктерінің ескерілуіне, бағдарламаның ауылдық жерлерде үй сатып алу мүмкіндігіне, алғашқы жарнаның тұрғын үй бағасының 20 пайыздан асуына қатысты сауалдар жиі қойылды.
Кездесу барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыста тек бір ғана банктің екі несие бергені айтылды. Енді бөлімшелер ауқымы кең ірі банктердің қосылуы арқылы несиелендіру аясын ұлғайту қажеттігі белгілі болып отыр.
Бағдарламаға екінші деңгейлі жеті банк қатысуы тиіс. Бағдарламалық құжаттың басқа тармақтары да жан-жақты қаралды. Облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшыларына бес әлеуметтік бастаманы нақты жағдайға мейлінше бейімдеуге көмектесетін нақты ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ,Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында болды. Аудан әкімдігінде облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу болды.
Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, «Шұғыла» газетінің директоры-бас редакторы Ахмедияр Батырханов, аудандық мәслихат депутаты Берік Ықсанов, еңбек ардагері Самиға Қайырова, Кәсіпкерлер палатасының Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің директоры Жасұлан Басыров «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы туралы хабардар етіп, аудандағы өзекті мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.
Олар, атап айтқанда, Жәнібек ауданындағы академиялық бақты арнаулы ұйым ретінде құру, облыс орталығынан шалғайдағы Жәнібек, Бөкейорда және Казталов аудандарын 2021 жылға дейін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, Жәнібек ауданына «Батыр аудан» мәртебесін беру мәселелерін көтерді. Аграрлық мекемелердің өкілдері сенаторларға ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ Орал-Жәнібек автомобиль жолының құрылысын жеделдету туралы да ұсыныс айтылды.
Сапар барысында Е. Мұқаев пен Н. Төреғалиев 20 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарында болып, елді мекендерді газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аягөз Құрмаш
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады