- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін қандай іс-шаралар жүргізілді
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін қандай іс-шаралар жүргізілді
Ажар Қаджыбекованың айтуынша, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мәліметтері бойынша аса қауіпті зиянды организмдердің және карантинді объектілердің таралуы 5,1 млн. гектар алаңда болжамдалған, оның ішінде астық дақылдарының аурулары 2,4 млн. гектар, үйірлі шегіртке зиянкестері 1,9 млн. гектар (италияндық прус – 1,0 млн. гектар, азиалық шегіртке – 0,3 млн. гектар, марокко шегірткесі – 0,6 млн. гектар және саяқ шегірткелер – 441,4 мың гектар).
«Аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жөніндегі қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд. теңгесі – үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге және 1,5 млрд. теңгесі – бидай ауруларына қарсы химиялық өңдеулерді жүргізуге», - деді ол.
Қорғаныс іс-шараларын жүргізуге 540 бірлік бүріккіш техникалар (37 ұшақ, 31 аса жеңіл авиация, 33 аэрозольді генераторлар, 141 ультро азкөлемдегі бүріккіштер, 106 жерүсті және 192 иыққа ілетін бүріккіштер) жұмылдырылған.
Оның айтуынша, 2017 жылы 300 бірлік техника тартылған болатын.Зерттеу іс-шараларын жүргізуге 492 зерттеушілер мен 432 бірлік автотехника қатысуда.
Қазіргі таңда шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер аяқталуға жақын, жоспарланған 1,9 млн. гектардың 1,8 млн. гектар алаңында өңдеулер жүргізілді.
«Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ.2018 жылы саяқ шегірткелердің таралуы 444,4 мың гектар алаңда күтілген болатын. Саяқ шегірткелер олармен күрес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесіне енетіндіктен, онымен күрес жергілікті бюджет қаражаты немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс», - деді ол.
Бүгінгі күні саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулер 231,8 мың гектар алаңда жүргізілді, бұл болжамдалған көлемнің 52,2% құрайды.
Көрші мемлекеттердің тарапынан шағым-талаптарды болдырмау мақсатында ҚХР, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтауға бірлескен зерттеулер, сондай-ақ бірлескен хаттамаларды және зерттеу актілерін толтыру арқылы жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтау жүргізілетін болады.
Аягөз Құрмаш
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс