- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Сағынтаевқа: коммуналдық қызметтердің бағасы өсті, медициналық қызмет көрсету нашарлады
Назарбаев Сағынтаевқа: коммуналдық қызметтердің бағасы өсті, медициналық қызмет көрсету нашарлады
Кездесуде Үкіметтің 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келе жатқанына қарамастан, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар тұрғындарды толық қамтымай отырғанын айтты.
« Бірінші жартыжылдық аяқталды. Көрсеткіштер өсіп келеді. Жалпы, халықтың әл-ауқаты жақсы. Біз индустриялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағдарламалар қабылдадық. Алайда, жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер оларды толық орындамай отыр, бекітілген бағдарламалар өңірлерге жетпей жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өскеніне және еліміздегі жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттағанына тоқталып, медициналық қызмет пен білім сапасының төмендеп бара жатқанын атап өтті.
«Коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Медициналық қызмет көрсету нашарлады. Білім алу қымбаттап барады. Жастар біздің университеттердегі білім сапасының төмендігіне байланысты Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайтын болды. Біздің қоғамда осындай проблемалар жиі көтерілуде», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін арттыру, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманы» және инфрақұрылымдық даму бағдарламасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде жол салу мәселесіне де назар аударды.
Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың жүзеге асырылуына мұқият бақылау жасауды тапсырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары