- Басты
- Жаңалықтар
- Қыркүйекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 6-шы Саммиті өтеді
Қыркүйекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 6-шы Саммиті өтеді
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне шыққан түркітілдес ынтымақтастық мәселелеріне ерекше мән береді. ТүркПА - түркітілдес елдер интеграциясының негізі болып табылады және соңғы жылдары түркітілдес елдердің парламентаралық дипломатиясының халықаралық деңгейде танылған институты болды», - деді кездесу барысында Қ. Әбдірахманов.
Министрдің айтуы бойынша, БҰҰ, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сияқты халықаралық ұйымдармен ТүркПА ынтымақтастық орнату қажет.
СІМ хабарлағандай, А.Мамаюсупов ТүркПА-ның жұмысы жайлы және ұйымның 10-жылдығын атап өту жоспары туралы хабарлады. Атап айтқанда, ТүркПА басшысы үстіміздегі жылдың күзінде Түркияда өтетін Ассамблеяның келесі мерейтойлық Пленарлық сессиясына дайындық іс-шаралары жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді.
«Түркі интеграциясын ілгерілетуге ықпал ету мақсатында Ұйымның Хатшылығы ТүркПА-ға мүше елдердің заңнамаларын бір қалықпа келтіру бойынша белсенді түрде жұмыс атқаруда. Қазақстан - біздің халықтарымызды жақындастыру идеясын насихаттаудың бастамашысы және осы тұрғыда Астана түркі әлемінің мақтанышы екені айқын», - деді ТүркПА-ның Бас хатшысы.
Халықаралық Түркі Академиясының Президентімен кездесу барысында түркітану және жалпы түркі тарихындағы зерттеулерді одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Академияның институционалдау процесін мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау қажеттілігі атап өтілді.
Д. Қыдырәлі Сыртқы істер министрлігіне Академияның қалыптасу процесінде зор қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдіре отырып, Институт ТМЫК 6-ші Саммитін өткізуге лайықты үлесін қосуға және ғылыми-зерттеу саласында түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға дайын екеніндігін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру