- Басты
- Жаңалықтар
- Жалпыға бірдей декларациялау қалай жүзеге асырылады
Жалпыға бірдей декларациялау қалай жүзеге асырылады
М. Тақиевтің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүзеге асырылады. Қажетті заңнамалық актілер әзірленді, жаңа Кодексте де декларацияға қатысты өзгертулер енгізілген. Аталған жүйені енгізудің басты мақсаты жеке тұлғалардың кірісін тиімді бақылау мен жемқорлықтың алдын алу.
«Декларациялауға 3 бағыттағы тұлғалар қатысады: барлық кәмелетке толған жастар, оралмандар мен тұруға рұқсаты бар азаматтар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған мүлкі бар азаматтар және Қазақстанда мүлкі бар шетелдік азаматтар да бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2020 жылы декларациялауға қатысатын адамдар саны 12 млн 900 мың адам болмақ. Қалалық аймақта – 7,4 млн, ауылда – 5,5 млн адам», - деді ол.
Сондай-ақ, декларация жүйесіне ену кезінде 250 формасы бойынша жеке тұлғаның барлық несиесі мен мүлкі, қаржылай ақшасы, банктегі есепшоттары 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі жағдайы көрсетіледі.
«Біз барлық қажетті формаларды әзірледік. Ол 260-шы декларация, қысқа болып табылады. Оны студенттер мен зейнеткерлер және тек жалақы алатын тұлғалар тапсырады. Кеңейтілген декларацияда барлық табыстар көрсетілетін болады», - деді ол.
М.Тақиев осы орайда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Қарағанды облысында пилоттық жоба іске қосылды.
«Халықтан алынған сауалнама бойынша халықтың 80 пайызы декларациялауды электонды түрде тапсыруға дайын екені анықталды. Проблемалық сұрақ туындаған жағдайда халықтың 40 пайызы ХҚКО-ға жүгінуге дайын. Ал проблемалық мәселені шешу үшін 32 пайызы мемлекеттік кірістер органына баруға дайын», - деді ол.
Оның айтуынша, аталмыш бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
«Барлық базаның таза болуы бойынша құзырлы органдармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір түсіндіру бойынша шаралар топтамасы жүзеге асырылуда», - деді ол.
М.Тақиевтің айтуынша, мемлекеттік органдар декларациялауды 1991 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.
«Бүгінде барлық мемлекеттік қызметтер декларация тапсырады. Олар мүлік пен кірістер бойынша мәліметті өткізеді. Өткен жылы меморгандар арасында декларациялау талаптарын бұзған 1100 факт тіркелді. Ол бойынша әкімшілік жаза қарастырылған. Сотқа тапсырылды, сот қарайтын болады», - деді М.Тақиев.
Сонымен қатар, маман айтып өткендей, азаматтар қолда бар ақшаны да тіркеуі тиіс.
«50 АЕК-ден артық ақша болса, оны банкте сақтау керек. Ал мәселен, 12 млн теңге үйде сақталса, ол туралы ақпарат беру керек. Кәмелетке толмаған баланың үлесі мен оның атына жазылған акция не мүлікті ата-аналары декларациялауы керек», - деді ол.
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ақша мен мүлік декларацияланады. Яғни, одан кейінгі уақытта ол бақыланатын болады.
«Салық төлеуші декларацияны электронды түрде тапсырғанда ол туралы мәлімет көрсетіледі. Өзге мемлекеттік органдар бойынша мәліметтер шығады. Декларациялаушы тек өзіне қажетті мүлікті таңдайтын болады. Ал, ол мүлік сатылып кетсе, меморганға барып оның тағдырын одан әрі шешеді», - деді ол.
Айта кетейік, осы күнге дейін мемлекеттік органдар 560 мың декларация тапсырған.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі