- Басты
- Жаңалықтар
- Әрбір қазақстандық туған елін қорғауға дайын болуы керек – Г.Әбдіқалықова
Әрбір қазақстандық туған елін қорғауға дайын болуы керек – Г.Әбдіқалықова
Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов, Парламент депутаттары, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы республикалық штабының мүшелері, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, әскери-патриоттық клубтардың, республикалық «Жас Ұлан» мектебінің және облыстардағы әскери мектеп-интернаттардың 600-ден астам тәрбиеленушісі қатысты.
Г.Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мемлекет әрдайым өз қауіпсіздігін және шекарасының беріктігін ойлауға тиіс» деген сөзіне назар аударды.
«Сондықтан, әрбір қазақстандық әрдайым жауапты әрі мәртебелі миссияға – туған елін, Қазақстанымызды қорғауға дайын болуы керек деп санаймын. Бұл – кез келген азаматтың қастерлі борышы ғана емес, ең алдымен, Отан қорғау жолында мәңгілік даңққа, халық сүйіспеншілігіне бөленген бабаларға, әкелеріміз бен аталарымызға деген тағзым мен құрметтің белгісі», – деді Мемлекеттік хатшы.
Ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері жас патриоттарға әскери өнердің қимыл-әрекеттерін көрсетті.
Қарулы Күштер құрамына кіретін әскер түрлері өкілдерінің жиынға қатысушылармен «Ұлы дала әскері – «Мәңгілік Ел» тірегі!» атты тақырыптағы интерактивті кездесуі, сонымен қатар, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, робот техникасы бойынша «Менің роботым» конкурсы, алау түбінде «Айбын жалыны» атты қызықты кеш, спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен және жауынгерлік дайындық пәндерінен көптеген сайыстар ұйымдастырылды.
Тәрбиеленушілер «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында әскери дайындық мектебінен өтіп, әскери техниканың және Қазақстан әскеріндегі қару-жарақтың заманауи үлгілерімен танысты.
Соңында Мемлекеттік хатшы жиынға қатысушыларға сайыстардың жақсы өтуіне, әрдайым рух сергектігі мен ерік-жігерлерін көрсетуіне, ешқашан жеңістен үміт үзбей, Қазақстанның нағыз патриоттары болуына ниеттестігін білдіріп, толағай табыс тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары