- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел» – біздің ұлттық бірлігіміз, толеранттылық пен алға ұмтылуымыз – Д.Жұмин
«Мәңгілік ел» – біздің ұлттық бірлігіміз, толеранттылық пен алға ұмтылуымыз – Д.Жұмин
«Президент «Мәңгілік ел» патриоттық акті туралы айтқанда алдымен біздің құндылықтарымызды назарға алды. Біздің тәуелсіздігімізге 20 жыл. Біз мемлекетімізді басынан бастап құрған елміз. Енді осы жиырма жыл ішінде біз мақтанышпен айта алатын жетістіктерге қол жеткіздік. Белгілі бір құндылықтарымызды қалыптастырдық. Бірінші кезекте – бұл біздің ұлттық бірлігіміз. Толеранттылық пен алға ұмтылуымыз. Бұл «Мәңгілік ел» тұжырымдамасының мазмұны», - деді Д.Жұмин.
«Жалпыұлттық қозғалыстың 2014 жылғы негізгі міндеттемесі «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру. Ол үшін еліміздің өңірлерінде бірқатар конференциялар мен таныстырылымдар сериясын жүргізу жоспарланып отыр. Аталмыш шаралардың барысында Қазақстанның бұдан арғы дамуына қатысты жан-жақты мәселелер айтылады. Сонымен қатар, Қозғалыс 10 шақты түрлі бағыттағы жобаларды іске асырады. Атап айтар болсақ олар білім беру, «жасыл» экономика, ақпаратты технология салаларында», - деді.
Осылармен қатар Қозғалыс Президенттің тапсырмасы «Мәңгілік ел» патриоттық актін дайындаумен айналысады.
Жұминнің айтуынша, алда өте үлкен жұмыстар күтіп тұр. «Президент өз Жолдауында халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау керектігін баса айтты».
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақстандық жол-2050»: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауын жолдаған болатын. Онда мемлекет дамуының негізгі мәселелері айтылған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты