- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойы Қауіпсіздік Кеңесін басқару құқығы берілді
Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойы Қауіпсіздік Кеңесін басқару құқығы берілді
Аталған заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мəртебесін, құзыретін жəне қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Осы жылдың мамыр айында оны Парламент қабылдап, Қазақстан Президенті 5 шілде күні заңға қол қойған болатын.
Құжатта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі» екені жазылған. Сондай-ақ, заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.
«Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау жəне олардың іске асырылуын бағалау болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сəйкес өзге де міндеттерді орындайды», - делінген Заңда.
Заңда Қауіпсіздік Кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тəуелсіздікті, аумақтық тұтастықты жəне халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын жəне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылатыны жазылған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды