• Басты
  • Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді
12 Шілде, 2018 10:51

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімін өткізеді, оның жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін созылады деп күтілуде.

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді | Strategy2050.kz

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2018 жыл оның астанасының 20 жылдық мерейтойы мен ерекшеленеді.

Бүгінде Елорданың әлеуеті, оның саяси, әлеуметтік-мәдени өмірінің қарқыны, бейбітшілік және келісім орталығы мәртебесі Астанаға тұрғындардың әртүрлі топтары мен әлем елдерінің кәсіби және саяси қауым өкілдерінің назарын аудартуда. Халықаралық сәулетшілер конгресін Қазақстан Републикасының елордасында өткізу Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында орайластырылды.

Заманауи дүниежүзілік сәулет өнерінің әлемдік трендтері,оның архитектуралық келбеті Елорданың айшықты ерекшелігі болып табылады, бұл өз кезегінде серпінді дамып жатқан қаланың қайталанбас атмосферасын құрайды. Әлбетте, бұл әлемге әйгілі сәулетшілер мен сәулет өнерінің отандық майталмандарының шығармашылығындағы үндестік нәтижесі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында астананың, еліміздің қалалары мен елді мекендерінің физикалық және әлеуметтік ортасын одан әрі дамыту мен жетілдіру мәселесі туындап отыр. Өз кезегінде Астана елорда ретінде еліміздің мәдени бет-бейнесін көрсетеді. Астананың Елорда ретіндегі келбеті ғасырлар бойы сақталатындай қалыптастырылып, сәйкесінше оны дамыту үшін ерекше ойластырылған сәулеттік идеялар мен шешімдер қажет. Алайда әлемдік сәулет өнеріндегі жетістіктерге бейімделу ұлттық дәстүрлердің жоғалуына әкелмеуі тиіс.

Конгресстің мақсаты кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу.

Жас сәулетшілер, сонымен бірге студенттер стартап уикенд форматында өткізілетін «Қалалық  орта: «Ақылды» аудан» байқауына қатыса алады.

Конгресс аясында шеберлік сабақтары, шетелдік танымал сәулетшілердің дәрістері, «Ортаны қалыптастыратын  кім?» тақырыбында диалог алаңын өткізу жоспарланған.

Конгресске алыс және жақын шетел сәулетшілері; үкімет пен бизнес өкілдері; еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер; девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар; жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері; қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер; БАҚ өкілдері қатысады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды