- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдың туристік нысандарын аралады
Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдың туристік нысандарын аралады
Қазақстан Президентіне өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, «Абылай хан» алаңын, «Ақ бура» курортты аймағын және басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобалар таныстырылды.
«Визит-Центр» орталығы – тақырыптық музейлер, «5 D» кинотеатры, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өмір сүретін және өзге елдерден әкелінген жабайы хайуанаттар саябағы бар туристік кешен.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы жаңа туристік нысанның құрылыс жоспарымен танысты.

«Promenade Burabay» кешені жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды.
Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жүргізуге, дайындық жасауға әрі жарыс өткізуге арналған жаңа спорттық және туристік нысанмен танысты.
Республикалық шаңғы спорты базасы шаңғы стадионын, мылтықпен ату алаңын, жүзу бассейні мен жаттығу залы бар жабық спорт кешенін, трамплиннен секіруге арналған орынды, әкімшілік-тұрмыстық және басқа да мақсаттағы үй-жайларды қамтиды.
Спорт базасымен танысу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің туризм саласын дамыту перспективалары туралы мәлімделді. «Туристік Қазақстан» бағдарламасының алдағы уақытта жүзеге асырылу және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай жетілдіру жоспарлары жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин баяндама жасады.
Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуетін арттырудың өзектілігін айтты.
«Қазіргі уақытта қазақстандықтар Отанымыздың көрікті жерлерімен таныса алатындай демалыс орындарын салу басты міндет саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы инфрақұрылымды дамытудың қажеттілігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті кадрларды даярлау есебінен туристік қызмет көрсету сапасын жақсартудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде 10 туристік аймаққа баса назар аударылатынын айтты. Бұлар – Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алматы облысы, Шарын шатқалы, Алакөл, Каспий жағалауы және басқалары.
«Туристік нысандарға субсидия бөлу көзделіп отыр. Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз. Біз экономиканың осы саласына зор мән беруіміз керек», – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өңірлердің басшыларын және инвесторларды еліміздің туристік кластерін дамыту үдерісіне белсенді атсалысуға шақырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады