- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд долларды құрады
2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд долларды құрады
Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, инвестициялық әріптестік және аймақаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жобалардың перспективасы талқыланды.
Б. Сағынтаев еліміздің энергетика, көлік, шағын және орта бизнес салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ жаңа технологиялар мен ноу-хау трансфертін реттеуге қызығушылық танытатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда швейцариялық компаниялардың қатысуымен машина жасау, құрылыс, агроөнеркәсіп және тау-кен металлургия кешендері салаларында жобалар сәтті іске асырылуда, деп хабарлады primeminister.kz.
Сонымен қатар Премьер-Министр ҚР-да шетелдік инвесторлар үшін елеулі салықтық және кедендік жеңілдіктермен қолайлы инвестициялық ахуал жасалғанын айтты. 2017 жылдың басынан бері Швейцария азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізілді. Қабылданған шаралар алдағы жылдары Қазақстан экономикасына инвестициялар салып, технологиялар трансфертін жүзеге асырушы Швейцария кәсіпорындарының санын ұлғайтуға жол ашады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы $3,2 млрд құрады (экспорт — $3,1 млрд), бұл 2016 жылға қарағанда 21% артық. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы $1,14 млрд құрады (өсім – 95%), экспорт — $1,09 млрд. 2005–2017 жылдары Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $20,6 млрд құрады. 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚР-да швейцариялық қатысумен 436 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.
Бұған қоса, Б. Сағынтаев Швейцарияның қаржы институттарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырды және Швейцария мен Қазақстан халықаралық қаржы құрылымдарының аясында табысты ынтымақтасып, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жанындағы бір топтың құрамына кіретінін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция