- Басты
- Жаңалықтар
- Жалпыұлттық қозғалыстың 2014 жылғы міндеттемесі «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағыттарын анықтау болады
Жалпыұлттық қозғалыстың 2014 жылғы міндеттемесі «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағыттарын анықтау болады
«Жалпыұлттық қозғалыстың 2014 жылғы негізгі міндеттемесі «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру. Ол үшін еліміздің өңірлерінде бірқатар конференциялар мен таныстырылымдар сериясын жүргізу жоспарланып отыр. Аталмыш шаралардың барысында Қазақстанның бұдан арғы дамуына қатысты жан-жақты мәселелер айтылады. Сонымен қатар, қозғалыс 10 шақты түрлі бағыттағы жобаларды іске асырады. Атап айтар болсақ олар білім беру, «жасыл» экономика, ақпаратты технология салаларында.Мысалға, ауылдық жерлердегі жастарға тұрақты түрде семинарлар өткізу жоспарланған. Және де Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы дайындалып, елдің барлық аудан орталықтары көрсетіледі», - деді.
Оның айтуынша, Қозғалыстың құрылымында саяси кеңес пен басты беделді тұлғалары болмақ.
«Бұл желілік ұйымда әр адам ғаламтор арқылы желіде бола алады. Қайда тұрғаның , немен айналысып жатқаның маңызды емес, егер сен өз еліңе сенсең, елің үшін әлдебір қызмет еткің келсе, осы қозғалысқа қосылуыңа кедергі жоқ. Тек Қозғалысқа «қосылу» нүктесін бассаңыз болды», - дейді ол.
Ол атап өткендей, «Қазақстанда өскен ұрпақтың бір бөлігі ғана Тәуелсіз Қазақстанның құндылығын сіңіріп өсті».
«Біз құндылықтар арқасында құрылған негізді жұмылдыруға бірігуіміз қажет. Елде бар бағытты қолданып бизнестің гүлденуіне атсалысу керек. Басқалар да келіп өз кәсібін ашып, жетістікке жетулері үшін», - деді Қозғалыс көшбасшысы.
Айта кетейік, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы 2013 жылдың 6 желтоқсанында құрылған болатын. Олардың мақсаты Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуін «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси бағытын қолдау арқылы қамтамасыз ету.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады