- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халықаралық күн тәртібіне стандарттаудың өзекті мәселелерін енгізу бойынша жұмыс істейді
Қазақстан халықаралық күн тәртібіне стандарттаудың өзекті мәселелерін енгізу бойынша жұмыс істейді
Айта кетейік, Қазақстан 1994 жылдан бері ISO-ның толық мүшесі болып сайланды, бүгінгі күні инфрақұрылым сапасы халықаралық талаптарға сәйкестендірілген.
ISO сарапшысы Флоренция Николас семинар халықтың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, еркін саудаға қатысты техникалық стандартты реттеуге арналып отырғанын атап өтті.
«Біз бүгін нақты стандарттар туралы айтпаймыз. Себебі, стандарттаудың түрі өте көп. Мәселен, сапа мен қоршаған ортаны қорғау стандарттары бар. Қазақстанда қабылданған ISO-ның жалпы стандарттар саны 9 және 14 мыңды құрайды. Реттеу мен стандарттау, сертификаттау бойынша бірқатар мәселелерді бүгін талқылаймыз», - деді Ф.Николас.
Өз кезегінде, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Шынар Қазыбаева өткен жылы Қазақстан ISO кеңесіне қосылғанын атап өтті. Нақтылай түссек, 2018-2022 жылдар аралығында Қазақстан ISO кеңесіне қатысады, онда стандарттаудың өзекті мәселелерін халықаралық стандарттау күн тәртібіне енгізу жоспарлануда.
«Ол кеңестің құрамына 20 ел кіреді. Бұл Қазақстан үшін стандарттауды қолдану арқылы экономиканы дамытуға зор мүмкіндік деп ойлаймын. Стандарттауды қолдану жалпы экономикалық және индустриялды инновациялық дамуға ықпал етеді. Бүгін өңірлік семинарға Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің өкілдері қатысып отыр. Осы апта бойы біз тәжірибе алмасып, стандарттауды енгізу бойынша туындаған проблемалық сұрақтарды талқылаймыз. Қазіргі таңда Қазақстанда стандарттар әзірленген, одан бөлек біз халықаралық стандарттарды да қолданамыз. Стандарттар уақыт өте келе өзектендіріліп отырады», – деді Ш.Қазыбаева.
Ол айтып өткендей, Қазақстан ISO-ның стратегиялық жоспарын қолдайды.
«Үкімет стандарттау мәселесіне көп көңіл бөледі. Қазір Парламентте стандарттау бойынша заң жобасы қаралуда. Стандарттаудың ұлттық жүйесі бойынша талқылау жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылдың қыркүйек айында Берлинде өткен ISO Бас Ассамблеясының отырысында Қазақстан 20 елден тұратын кеңес мүшелігіне 2020 жылға дейін енді», - деді Шынар Қазыбаева.
Сондықтан да, Қазақстан халықаралық күн тәртібіне стандарттаудың өзекті мәселелерін енгізу бойынша жұмыс істейді.
ISO, біліктілікті арттыру бойынша жобалық менеджер, сарапшы Ноэлия Гарсия Небра бұл аталмыш тақырып бойынша өткізіліп отырған 7-ші семинар екенін атап өтті.
«Біз осыған дейін Латын америка аймағында, ағылшын тілінде сөйлейтін африкалық аймақтарда, Кариб бассейні елдерінде аталмыш семинарды өткізген болатынбыз. Қазір біз Орталық Азия елдері мен Шығыс Еуропа елдерінде өткізіп жүрміз», - деді Ноэлия Гарсия Небра.
Сарапшы ең алдымен «мемлекеттік саясат дегеніміз не?» деген сұраққа тоқтады.
«Біз күнделікті өмірде қолданып жүрген терминдерді талқылаймыз. Олар бізге жаңалық болмаса да, кейде мағынасын түсінбей, бұрмаланып жатады. Саясат деген ол шара емес, ол-ұстанымдар жүйесі. Демек, саясат дегенде тек шара туралы ғана емес, толық ұстанымдар топтамасы туралы айтып жатқанымызды түсінуіміз керек. Олар дұрыс шешім қабылдап, межелік мақсаттарға жету үшін қажет. Бұл нақты нәтижелерге жетудің амалы. Мәселен, біз белгілі сынақтар мен тәуекелдерге ұрынамыз. Саясат әрқашан мемлекеттік органдармен қабылданады. Мемлекеттік саясат дегеніміз елдің экономикасы мен қоғам қызығушылыған орай сынақтарға тәуекел ету, оларға жауап беру. Бұл мемлекеттік саясаттың ерекшелігі болып табылады», - деді Ноэлия Гарсия Небра.

Айта кетейік, семинарға 12 елдің ұлттық стандарттау органдарының өкілдері қатысып жатыр. Аталмыш семинар 3 күнге созылады. Семинардың басты мақсаты – хабардарлық деңгейін арттыру және стандарттардың қолдану түсінігін жетілдіру, сондай-ақ, мемлекеттік органдар, және Ұлттық стандарттау жөніндегі орган арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар бағдарламасымен танысу.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады