- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырылады
Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырылады
Іс-шара аясында министрлік осы Келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге «жасыл» сертификаттар тапсырды.

«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» сияқты өзекті жобаларды жүзеге асыру - үлкен және шағын қалалардағы тұрақтылықты сақтап, энерготиімді қала инфрақұрылымына инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанның ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттерді орындап, «жасыл» экономикаға өтуіне де ықпал етеді», - деді төраға орынбасары Н. Мақажанов.
«Қала шаруашылығы саласында энергоүнемдеу бағытында еңбек ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру арқылы қолдау көрсетіледі. Яғни инвестиция тарту арқылы булы газ тарауын азайтуға сеп болады. Бұл жоба тек бизнестің дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құнды үлес қосады», - деді Д. Әбілқайыров.
В. Байгазинаның айтуынша, «Энергия үнемдейтін жобалар секторында мол өндірістік тәжірибесі бар мамандарды, сондай-ақ қажетті процестерді сынақтан өткізу мен құру және сауатты ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды тарту энергиясын тұтынуды азайтады және булы газдар тарауын қысқартады. Яғни, осындай жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты болып саналады».
2018 жылдың бірінші тоқсаны соңында Астана және Солтүстік Қазақстан облыстарының ғимараттарында энергия тұтынуды азайтуға бағытталған алғашқы алты жоба мақұлданды.

Жобалардың бірі - «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы. Оның аясында министрлік ғимаратының жарықтандыруын жаңғырту жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы/«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жаһандық экологиялық қорының халықаралық жобасы шеңберінде әзірленді.
Фото: ИДМ баспасөз қызметі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр