- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ Президенті Астананы 20 жылдығымен құттықтады
АҚШ Президенті Астананы 20 жылдығымен құттықтады
6 Шілде, 2018 21:03
Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті,, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Дональд Трамп Қазақстан Президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.
«Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.Сіздің басшылығыңызбен «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек», – делінген құттықтау хатта.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады