- Басты
- Жаңалықтар
- Әлем фотографтары Астанаға жиналды
Әлем фотографтары Астанаға жиналды
Сонымен, аймақтың ажарлы астанасына айналған - Алаштың астанасын тасқа басып, тарихта қалдыру үшін әлемнің әр түкпірінен ең беделді фотографтар жиналды. Арысы кәріп құрлықтан - Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, шығыстан- Қытай, Жапония жақын көршілеріміз - Ресей мен Армениядан келген кәсіби фотографтардың барлығы – әлемге танымал фотосуреттердің авторлары. Олардың арасында Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян бар.
Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін түсіріп, бүкіл әлемге аяқ асты танылған фотошебер. Суретті түсірудің ерекше әдістерімен өз брендтерін қалыптастырып үлгерген мәскеулік Валера және Наталья Черкашиндер де даралауға тұрарлық. Сондай-ақ, Италиядан Филиппо Вентури, Франциядан Филипп Шансель, Қырғызстандық Эркин Боожуров, Жапониялық Ясуxиро Огава, Венгриялық Аттило Бали, Уфадан Елена Болдырева, Израильден Ерез Маром, Қазақстандық Шүкір Шаxай, Бакуден Ситара Ибрагимова, және өзге де фотографтар атсалысады.

Объективтерін сайлап, аппараттарын майлап келген фотографтар бұл жолы Елордамыз – Астана әр қырынан безбендеп көрмек. Биылғы шараның ерекшелігі – 20 фотограф, нақты 20 бағыт бойынша жұмыс істейді. Яғни, 5-8 шілде аралығында шаһардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбетін кескіндеп, дүниежүзіне паш ететін болады.
Шілденің 10-ы күні «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалі қорытындыланады. Түсірілген фотоколлекция «Бәйтерек» монументінің алдында шілденің 10-ы мен 30-ы аралығында «Астана әлем фотографтарының обьективінде» фотокөрмесінде Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны