- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі – Мемлекеттік хатшы
Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі – Мемлекеттік хатшы
Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова көрнекті нейрохирург, Ресей ғылым академиясының академигі А.Потаповтың 70 жасқа толуына орай жолдаған Қазақстан Президентінің құттықтау хатын оқып берді.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның Индустрия 4.0, оның ішінде медицина саласы элементтерін енгізуге кіріскенін айтты.
«Президенттің бастамасымен 2008 жылы негізі қаланған Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі болып саналады. Бүгінде ол Орталық Азиядағы көш бастаушы клиниканың біріне айналды», – деді Г.Әбдіқалықова.
Ұлттық нейрохирургия орталығында 10 жылдың ішінде 37 мыңнан астам адам ем қабылдады, 25 мыңнан аса ота жасалды, 66 нейрохирургиялық жаңа технология енгізілді. Оның базасында Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның жаңа салалары – микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия енгізілді.
Соңында Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырды.
Форумға Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Парламент депутаттары, әлемнің 20-дан астам елінен келген нейрохирургия саласының жетекші мамандары қатысты.
Іс-шара Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі