- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт саулығы – ел қауіпсіздігінің басты негізі – «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының жетекшісі Д.Горбунов
Ұлт саулығы – ел қауіпсіздігінің басты негізі – «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының жетекшісі Д.Горбунов
«Кеше Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Мен дәрігер ретінде осы Жолдаудан көбіне медицина қызметкерлеріне қатысты бірнеше аспектілерді байқадым. Ол Қазақстанда медициналық туризмнің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл дегеніңіз, біздің ұлттың саулығы көршілес елдердің деңгейімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы керек және шет елдің азаматтары біздің елге сапалы медициналық көмек алу үшін келулері керек», - деді Д. Горбунов.
Ол үшін, Горбуновтың айтуынша, біздің елде басты алғышарттар жасалып қойылған.
Брифингете де айтылғанындай, биыл 7 сәуірде алғаш рет Астанада жүрекке ота жасалғанына бір жыл толады. Қазіргі таңда жүрекке ота республикамыздың барлық облыстық орталықтарында жасалады. Кардиохирургия біздің елімізде өте қарқынды даму үстінде. Бізге шет елдерден пациенттер келіп емделеді, соның ішінде көошілес қырғыз елінен келушілердің қарасы мол. Медицинаның дамуы тек кардиохирургия саласында ғана емес, барлық салаларда өрге басуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 3 жыл ішінде жоғары сапалық медициналық көмек көрсетудің саны 4 есеге көбейді.
«Мемлекет жоғары технологияланған оталарды жасауға қаржы бөлуде. Бірақ, оларды жүзеге асыру үшін қыруар қаржы керек. Осыдан Елбасы Жолдауының екінші аспектісі шығады ұлт денсаулығы – елдің ұлттық қауіпсіздігі, әрі әрбір адамның жеке басына қатысты жағдай болып саналады. Сондықтан да, алғашқы көмек көрсету қызметін барынша дамыту қажет», - деді Д. Горбунов.
Айта кетерлігі, «Болашақ» мерейтойлық форумында Н. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының түлегі Д. Горбуновқа лебізін білдірген болатын
«Сен елдегі үздік хирургтардың біріне айналдың. Оны 1700 ота дәлелдеп отыр. Жаңа туған сәбидің өмірін сақтау – ең күрделі іс», - деді Мемлекет басшысы 1998 жылы «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дмитрий Горбуновқа.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері